Абайға арнау

Абай айтқан бес дұшпаннан болдым қашық,
Керісінше бес асылға болдым асық.
Өлеңге де бұрын өзім мән бермеппін,
Оқыған соң Абайды болдым ғашық.

Ұлы Абайды оқу керек әркімге,
Оқиды оны барлық елде әр тілде.
Хакім Абайдың оқыңдар әр өлеңін,
Өміріңе керек болар әр кезде.

Болмасам да, әрқашан ұқсап бағам,
Өнер, білім, ғылым да жолдас маған.
Абай атам айтқан ұлы сөздерге,
Әрқашан да құрметпен мен бас ұрам.

Әуезовке арнау

Семейімнің, Бөрілінің тумасы,
Қазағымның баға жетпес тұлғасы.
Бір ғасырда бір рет туар адамның
Болса екен деп тілеп жүрмін жалғасы.
Абай десең елестейтін сұлбасы,
Оқығанда келеді ғой көз жасы.
Білімпазға, кітап құмар жандарға,
Мұхтар ата бет түзейтін құбыласы.

Ол Абайдың болмаса да сырласы,
Болған оның пейілдесі, мұңдасы.
Алашорда ұйымында бас болған,
Алихандай ұлылардың жолдасы.
Жаламенен қараланған көшбасшы,
Маңайында болған тағы дос, қасы.
Қадірлемей, табалаған дұшпанның,
Айдан анық бұл дүниеде оңбасы.

Кітаптарын «Қорғансыздың күні» мен,
«Абай жолын» жазған күні-түнімен.
Оқыса ғой әрбір адам жердегі,
Тоқыса ғой ойына жас кезінен.
Абайды да Абай еткен білім ғой,
Қазақты да қазақ еткен сөзі ғой.
Өлең арнап жазбауыма амал жоқ,
Жүз жиырма бес жылға толған кезі ғой!

Халқы үшін болған кезде сын уақыт,
Кеткен жоқ қой қазақ халқын ол сатып.
Дана адамға, ұлы адамға мен үшін,
Әуезовке өлең арнау бір бақыт!

 

 

Тәуелсіздік күні

Шаттанамыз жылда бұл күн келгенде,
Осы күнге аман-есен жеткенге.
Қуанайық егемен елде өскенге,
Көптен күткен тәуелсіздік күнінде.

Сол үшін талай жас азап шеккен де,
Тіпті көбі бұл өмірден кеткен де,
Осылай жеткен тәуелсіздігімізде,
Қуанайық бейбіт өмір сүргенге!..

Тоқтамады егемендік келгенше,
Тәуелсіздік қоржынына түскенше,
Ақырында олар жетті мақсатқа,
Тәуелсіздік құсы ұшып жеткенде.

Содан бері тыныштық орнап елімде,
Қазақстан танылды күллі әлемге.
Бейбітшілік орнасын мәңгі жерімде,
Тәуелсіздік болсын елде мәңгіге!!!

 

Нұрдәулет Анарбеков

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Семей қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған Білім-Инновация Лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 9-сынып оқушысы

Жетекшісі:
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Күлғасын Мамырбекқызы Дюсебаева

ПІКІР ЖАЗУ