1 наурыз – Алғыс айту күні!

Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін мереке — Алғыс айту күні! Алғыс айту күні мейірімділіктің, қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен ыстық ықыласының жарқын символы.
Бұл күн жақсылықты бағалай білуге, әр іске жақсылықпен жауап қайтаруға, өзара сыйластық пен құрметке бастайды. Айтулы күн тұғырлы татулығымыз бен ырысты ынтымағымызды жаңа белеске жетелейді. Кең пейілді қазақ халқы қашанда әрбір игі іске ризашылығын білдіріп, алғыс айтып отырған. Осындай құндылықтардың қадіріне жете білген елдің қашанда келешегі кемел болары анық.
Көктемнің алғашқы мерекесі болып табылатын атаулы күн – Баршаңызды Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

ПІКІР ЖАЗУ