Жастар – ұлттық экспорттың қозғаушы күші

Жастар жаңа идеяларымен, технологиямен және әлемдік трендтермен жұмыс істей алады. Сондықтан мемлекет жастарды кәсіпкерлікке, өндіріс пен инновацияға тартуы қажет. Ұлттық экспорт туралы жастар пікірі:
— Айбар, 21 жаста, экономист-студент:
«Ұлттық экспорт – Қазақстанның экономикалық тәуелсіздігін арттыратын маңызды сала. Жастар жаңа технологияларды меңгеріп, шетел нарығына шығуға ұмтылуы керек».
— Аяжан, 19 жаста, дизайнер:
«Мен өзімнің киім брендімді ашқым келеді. Егер оны шетелге шығара алсам, бұл ұлттық экспортқа қосқан үлесім болады».
— Ерасыл, 22 жаста, агрономия студенті:
«Шетелге тек сапалы, табиғи, бәсекеге қабілетті өнім ғана шығарылады. Сондықтан жастар өндірістің сапасына мән беруі тиіс».
— Малика, 20 жаста, IT мамандығында оқиды:
«Біз – цифрлық ұрпақпыз. IT, стартап, креатив салаларында шетелге қызмет көрсету арқылы да экспортты арттыруға болады».
— Дамир, 18 жаста, видео-контент жасаушы:
«Музыка, кино, анимация, ойындар – қазіргі заманда мәдениет те экспорттың бір түрі. Біз ұлттық құндылықтарды заманауи жолмен әлемге таныта аламыз».
Қазақстан экспорты
Қазір қай салада болсын отандық өнімді дамыту өзекті мәселе болып отыр. Осы мақсатта Қазақстанда қазіргі таңда мемлекет тарапынан отандық тауар өндірушілер мен экспорттаушыларды қолдауға баса көңіл бөлінуде. Олар үшін қандай да бір жеңілдіктер қарастыру, қаржылай қолдау көрсету, несиелендіру тағы сол тәрізді ел үкіметі жүзеге асырып жатқан саясаттың бір бағытына айналды. Яғни, отандық өнімді, отандық тауар өндірушілерді қолдау арқылы ғана біз елімізді көркейтіп, өркениеттің шыңына шыға аламыз. Экспорт (лат. exportare – шығару‚ әкету) – тауарды‚ капиталды‚ жұмыстарды‚ қызметтерді‚ зияткерлік қызмет нәтижелерін‚ соның ішінде оларға айрықша құқықтарды сыртқы нарықтарға өткізу үшін шетелге әкету. Экспорт – бұл бір елдің өзінде өндірілген тауарлар мен қызметтерді басқа елге сату процесі. Қазақстанда бидай өсіріледі. Сол бидайды Өзбекстанға сатсақ – бұл экспорт болады.Ұлттық экспорт – бұл Қазақстанның басқа елдерге сататын тауарлары мен қызметтері. Бұған ауыл шаруашылығы өнімдері (бидай, ет, май), пайдалы қазбалар (мұнай, көмір, уран), өнеркәсіп тауарлары (металл, құрылыс материалдары), қызметтер (білім, туризм) жатады. Экспорттың маңызы елге шетел валютасы келеді, экономика дамиды, жұмыс орындары ашылады, жаңа өндіріс орындары құрылады, халықаралық байланыс нығаяды. Қазақстан – әлемдегі ең ірі уран өндіруші елдердің бірі. Қазақстан мұнайы Қытай, Еуропаға, бидай Өзбекстан мен Ауғанстанға, уран Франция мен АҚШ, ет Иран мен Ресей тағы басқа.
Экспорт дегеніміз тауар не қызметті шет елдерге сату, шығару, ұсыну. Мысалы Қазақстан жыл сайын миллиондаған тонна мұнайды шетелдік нарықтарға сатады. Мысалы Батыс Еуропа елдерді Қазақстандық мұнайды сатып алады. Экспорт қазақша латын тілінен порттан шығару деп аударылады. Дамыған мемлекеттер экспорттың зор болуымен сипатталады. Себебі олар шетелге тауарларын сатып байып жатады. Экономикасы өркендеп, халқы көркейіп жатыр. Экспортқа қоса импорт та бар. Импорт тауарды сырттан әкелу.
Тауар мен қызметтерді шетелге жіберуші компанияны экспорттаушы деп атайды. Қазақстан шетелге негізінен мұнай, газ, мыс, алтын сияқты пайдалы қазбаларды экспорттайды.
Шикізат көздерін санамасақ ұн мен бидай көп мөлшерде сыртқы нарықтарда сатылады. Күнбағыс майы, сүт, ет, жүгері және басқа ауыл шаруашылық өнімдер де сатылады.
Сонымен тауарларды бір елден екінші елге шығаруды не деп атайды деп біреу сұраса экспорт деп айтыныз. Нарықтық, дамыған елдерге тән құбылыс ол халықаралық байланыстардың зор болуында. Мысалы телефонның экраның бір елде, процессорын екінші елде, платаларын үшінші елде шығарып бір жерге жинап құрастырады. Көлік жасау, тұрмыстық техника жасау сияқты кұрделі салалардың барлығында дерлік халықаралық, экспорттық байланыстар басым.
Дамыған елдерге қосылу үшін экспортты ұлғайту керек
Ел даму үшін сыртқы нарықтарға сапалы тауарлар мен қызметтерді сату керек. Яғни көп мөлшерде экспорт бар болу керек. Әйтпесе ел кедейленіп кетеді. Бар үмітті шикізатқа арту дұрыс емес. Шикізатты сатудан бөлек шетелдік нарықтарға сапасы жоғары бағасы төмен тауарларды ұсыну керек. Мысал Біріккен Араб Әмірліктері сияқты. Олар алғашында мұнай мен газдан пайда көріп күн көрген.
Кейін мұнай мен газдан алған қаржыны ұрламай ел экономикасына құйды. Талай ғимараттар мен зауыттарды салып шикізаттық емес салаларды дамытты, мысалы туризм мен жылжымайтын мүлік саласын. Олар шетелге тауар сатумен қатар арзан несиелерді де экспорттайды. Шетелге несие беру де экспорт боп табылады.
Шетелге тауар шығару дегеніміз шетелден пайда табу дегені. Қазақстанның ішкі нарығы шағын. Соңдықтан дамыған елдердің қатарына қосылу үшін сыртқы нарықтарға көп мөлшерде тауар сату және қызмет ұсыну керек.
Г.Тұрлыбекова




