ЖАҢА БАЛАБАҚШАДАҒЫ ЖАҢА ҚАДАМ

Алматы облысы, Іле ауданы, Жетіген ауылында орналасқан «Ботакөз-2022» балабақшасының тәрбиеленушілері балабақша тәрбиешісі Дүйсен Қаршығаның ұйымдастыруымен 1-мамыр Қазақстан халықының бірлігі күніне байланысты «Ынтымағы жарасқаналтын ұям» атты тәрбие сағатын өткізді. Тәрбиелік іс-шара арқылы балаларды ынтымақты болу берекенің бастауы екенідігін түсіндіре отырып, әр ұлттың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрптарын көрсетіп, өзара сыйласытықты дәріптеу мақсатында болды. Мерекелік іс-шара ән-күймен, әдемі тақпақтармен жалғасын тауып балаларға тамаша көңіл күй сыйлады. Тәрбиешінің жетекшілігімен 1-мамыр Қазақстан халықының бірлігі күніне байланысты ұйымдастырылған Республикалық медиабілім орталығының іс-шараларына қатысып сертификаттар мен жүлделі орындарға ие болды. Болашақ ұрпақтардың жан-жақты жетіліп, ұлттық рухты бойына сіңіріп, сау денелі салауатты ұрпақ тәрбиесі жолында еңбек етіп отырған ұстаздар қауымы мен қолдау көрсетіп отырған барлық ата-аналарға алғысымызды білдіреміз. Болашағы жарқын болсын балапандардың!

Айдана Байтұрсын, «Мөлдір бұлақ»

ПІКІР ЖАЗУ