Жақсылық

Closeup view of a scorpion on wood in nature.

Бір дәруіш суға түсіп кеткен сарышаянды құтқармақшы боп қолын соза бергенде әлгі сарышаян дәруіштің қолын шағып алады. Дәруіш сонда да қолын созады, сарышаян болса, тағы да шағып алады. Мұны көріп тұрғандар шыдай алмай дәруішке: – Жақсылық жасаймын дегеніңе қарамастан, өзіңе зардап шектіріп, зиянын тигізгенге қалайша қол созып, жәрдем бермекшісің?- дейді. Сонда әлгі дәруіш: – Сарышаянның болмысында шағу бар, ал менің болмысымда жаратылғанды сүйіп, мейірімділік таныту бар. Ол өз болмысына сай әрекет етіп жатқанда, мен неге өз болмысымнан бас тартуым керек?- деп жауап беріпті.
Көп жағдайда адам пендешілікке салынып, өзінің адами болмысынан адасып қалады. Өзіндегі «сұлтани рухты» «хайуани рухқа» жығып беріп, хайуандық сипатын бүркенеді. Өзінің шынайы болмысы мен жаратылыс мақсатын ұмытып, үйірінен адасады.

ПІКІР ЖАЗУ