Замандасқа хат

Құрметті замандас! «Өз отбасын сүйетін бала ауылын сүйеді, ауылын сүйген ұрпақ елін сүйеді. Өз отанын сүйген ұлан өзге халықты да құрметтей біледі» деп халық батыры Бауыржан Момышұлы атамыз тегін айтпаған. Ауыл – алтын бесік, ауыл – иісі қазақтың қара шаңырағы, ауыл аңыз-ертегілердің елі, ән мен күйдің отауы. Сондықтан да ауыл киелі де қасиетті. Ауыл көз алдымызда ластанып бара жатқан секілді. Олай дейтінім, осы ауылда көп болмаса да, кей кезде ғасыр індеті – есірткі заттары сатылып қалады. Сатушылар көп жағдайда ақшалыларды ториды. Сөйтіп оларды торға түсіріп, орға жығады. Жолын кесіп, алдын кескестейді. Ал, әлгі есірткінің дәмін бір алған бейшараның одан құтылуы тіпті қиын. Осы дұрыс па, жоқ мүлде олай емес. Сол үшін аядай ауылымызды осындай дерттен таза ұстасақ дейміз, жас достар. Менің өз замандастарыма айтарым осы… Айерке МАРАТОВА. ШҚО, Зайсан ауданы, Сарытерек ауылы.

ПІКІР ЖАЗУ