УАҚЫТ СЫНЫ

Елімізде болып жатқан сонғы жағдайларға байланысты ел ішінде бұрыннан үздіксіз жасалып келе жатқан бірқатар жұмыс орындары өз жұмыстарын мүлде басқаша дәстүрде жалғастырды. Иә, мұның барлығы да пандемиядан халықты арашалап қалу мақсатында еді. Мінекей әлі күнге дейін мұндай өзгерістер жалғасын табуда. Мысалға, дәстүрлі оқу бағдарламасы толықтай қашықтықтан оқу бағдарламасына көшірілді. Яғни, бәріміз білетіндей мектепте білім алатын оқушылар үй жағдайында технологияларға сүйеніп, «онлайн» жүйеде білім алуын тоқтатпады. Бұл, әрине, бірімізге ұнап, бірімізге мүлде ұнамады да. Себебі, әр жаңа істің тиімді және тиімсіз жақтары да бар екені бәрімізге мәлім. Бірақ, шындығына келгенде бәрібір де бізді мына «Тәж вирустан» мейілінше аман алып қалу төрт қабырғаның міндетіне жүктелгендей еді.
Ал, енді сөзіміздің басында көтерілген мәселеге байланысты біраз ойталқы, тұжырым жасап өтсек. Карантин талаптарының ең манызды тұсы ол, оқу балалары үйден білім алсын деген тұжырым еді. Оқушылардың барлығы үйден оқыды, бітірушілер де онлайн жүйеде тесттерін тапсырып, өз оқу орындарына түсті. Бірақ, бұлай қашықтықтан оқу жүйесінің тиімсіз тұстары да бізді айналып өткен жоқ. Мәселен, біріміздің үйіміздің интернет мәселесі дұрыс тұрақталмаған болса, бірімізде интернет байланысты мүлдем жоқ болды, немесе, технологиямен қамтамассыз етілу қиын болды. Әсіресе, интернет желісі нашар ұстайтын ауыл аймақтарға ауыр тиді. Ал денсаулық жағына келер болсақ, технологияның да адам баласына қандай орасан зиян әкелетіні бәрімізге аян. Ұялы телефонда бірнеше сағат бойы телміріп отыру, кімге болса да зиянын тигізбей қоймайды. Біріміздің көз жанарымызға әсер етті, шаршауға, әлсіздікке, ашушаңдыққа әкеліп соқты. Бірақ, мұндай жағдайда басқа амал бар ма?! Барлығы да вирустан елді аман алып қалу үшін, ұрпағымызды тағы бір аурудан, яғни мәнгүрттіктен аман алып қалу үшін болатын.
Бұл жүйенің дұрыс жақтарын да сөзге тиек етпесек болмас. Яғни, елге тағы да жаңашылдық алып келдік. Біз оқу жүйемізде тағы да басқа қарқынмен оқи алатынымызды, өзіміздін мықты екенімізді дәлелдедік. Жаңашылдыққа жол аштық. Соның арқасында ел ішінде вирустың таралу жағдайы бәсендеді. Қандай қажеттіліктерді талап етсе де, біз дөңгелетіп әкеттік. Ал еліміздің алдағы болашағы не болмақ, ол әзірге бір Құдайға ғана аян. Бірақ, егер ұрпағымыз саналы болса, елімізге төнер қауіп жоқ деп ойлаймын. Тарихтағы міне осындай ірі өзгеріске алып келген дүмпу ел жадынан кетпейтін де болар. Бірақ, бәріміз бірге болсақ, мұндай қиындықтардан іркілмей өтетінімізге мен сенемін. Біз біргеміз!

Бақытгүл Тұрсынбаева, жас тілші,
Еңбекшіқазақ ауданы, Бәйтерек орта мектебінің
11 — сынып оқушысы.

ПІКІР ЖАЗУ