Уәдә
Бірде ауыл балалары сыртқа ойнауға шықты. Сол күні Жандостың ата-анасы туыстарының үйіне кеткен еді. Жандосқа қарап жатқан ешкім жоқ. Бүгін өз еркі өзінде. Қасындағы досы Данияр екеуі балалардан бөлініп кетті. Сөйлесіп тұрып темекі жөнінде айта бастады.
Данияр:
— Темекі деген қандай екен? Дәмін көрсе болар еді, — деп бастады.
Жандостың да бұл жөнінде хабары жоқ, темекіге ұқсайтын сағыз бар екендігін айтты.
Данияр болса:
— Онда ол да дәмді шығар сен қалай ойлайсың? – деді.
Жандос:
— Не болса да тұтатып көру керек еді, бірақ, темекіні қайдан табамыз? – деп құлшынды.
Данияр жылы жүректілікке салынып:
— Менің әкем темекі тартады. Біреуін сұрап алайын, — деген кезде Жандос аласұрып:
— Ой, сенің есің дұрыс па? Әкең көріп қойса, масқара боламыз. Одан да көрсетпей алып шық, — деп шалқақтады бірден.
Ебін тауып, Данияр бір тал темекіні алды. Жандосқа көзін қысып қойып еді, ол да бірден түсінді. Екеуі қора маңына келіп, тасада тұрып тұтандыра бастады. Темекіні тұтатып, сорып қалып еді, қара түтінге қалқалды да қалды. Біріне-бірі қарап мәз.
— Бұрын тартып көріп пе едің? – деп сұрап қояды.
Жандос:
— Мынандай шығар, — деп аузынан бір алып, бір салып тұрғанда, Данияр:
— Берші маған өзің тарта алмайсың ғой, – деп алып, өзі де тарта алмады.
Сол арада қора маңына әкесі келе жатқан еді.
— Тездет, не істейміз енді? Қап! — деп сасқалақтағанда, Жандос бірден қолындағы түтінді жерге тастап аяғымен мыжымақшы болып еді, ол да болмады, әкесі келіп жетті.
Екі дос екі жаққа зымырай қаша жөнелді. Айналып, қашып жүріп достарының арасына кірісіп, ойнап кетті.
Ымырт түсе Данияр үйіне келді. Әкесінің жүзінен ашу байқалады, анасы күйбең тіршілікпен жүр.
Әкесі:
— Әй, бала мұнда кел! – деді қатқыл дауыспен.
Басы төмен салбырап, қасына келгенде, әкесі шапалақпен тартып жіберді. Бала да өз кінәсін білді ме, үн шығармады.
— Енді қайталайтын болсаң, мен сенің басыңнан сыйпамаймын соны біл! – деді зілді дауыспен.
Баланың жүзі солғын тартып, төмен қарай берді. Ішінен ойлағаны:
— Неге ғана сол темекіні қолыма алдым екен? Қалай ғана шайтан азғырды? Кім біледі, әкем көріп қалмаса Жандос екеуіміз темекіге әуес болып кетер ме едік? – деп өкінумен болды.
Ал, Жандос болса бір күнге ғана еркіндікте қалықтап жүрді. Күн батып, таң атты. Жандос-тың ата-анасы үйге келді. Түс ауа бастағанда Даниярдың анасы Жандостың үйіне келді. Көрші болып жақсы араласқандықтан, жағдай сұрауға келген болатын. Енді Жандостың да әке-шешесі де кешегі оқиғаны білді. Жандос та досына «Қой» деудің орнына оны қоштап, жаман әрекетке барғаны үшін сазайын тартты.
Кешқұрым бір-бірімен хабарласып, Жандос пен Данияр кездесті. Балалыққа салынып, жіберген қателіктерін мойындады. Ата-анасының көзін ала бере, істеген істері үшін екеуі де үлкендерден кешірім сұрады. Екі дос өмір бойы темекі атауының маңына жоламауға серт берді.
Жадыра МҰСАБАЙ,
ҰХҚТУ-дің студенті.
Түркістан қаласы.