Түрік халқының мақал-мәтелдері

Қазақтың аса көрнекті ақыны, аудармашы, Қазақстанның Халық жазушысы, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері, марқұм Мұзафар Әлімбаевтың (1923-2017) туғанына 100 жыл толып отыр. Балалар әдебиетінің атасы, ақындардың ұстазы, көрнекті тұлға Мұзафар Әлімбаевтың 2008 жылы Алматыда “Арыс” баспасынан шыққан «Түрік халқының мақал-мәтелдері мен жұмбақтары» атты аударма кітабынан көркем ойдың қаймағы, ақылдан туған дана сөз, асыл маржанды назарларыңызға ұсынып отырмыз. Сонымен бір уақытта 2023 жыл Түркия Республикасының құрылғанына 100 жыл болған екен. Түбі бір түрік туысқан елдің мейрамы қарсаңында «Алтын көпір» айдарымен журналымыздың оқырмандарына арнап мерекелік тарту ретінде үзінділер ұсынып отырмыз.

 

Ақыл үшін тарих біреу-ақ.
Адамның қадірмені – адам.
Асыл азбас,
Бал базданбас.
Алтын қолды пышақ кеспес.
Ана хақысы – Алла хақысы.
Алла берерінде: «Кімнің ұлы?’
«Кімнің қызы?» – демес.
Адам болатынға бір сөз де жетер.
Атасын танымаған – Алласын танымас.
Адам адамнан қорықпас – ұялар.
Адам адамға керек болмаса,
Бір-бір таудың басында каңғырар еді.
Ат адамына карай жүгірмес,
Адымына карай жүгірер.
Арыстан ақырса, аттың аяғы шалынар.
Алтын есек күміс есекке мұқтаж болар.
Алтын отта сыналар,
Адам мехнатта сыналар.
Аласа есектің арқасы босамас.
Ананың бақыты қызына.
Арбамен қоян ауланбас.
Ақ қойдан қара қозы да туар.
Алтын легеннің қан құсқанға не пайдасы бар?
Айтарынды алдын ала анықтап ал.

Аярдың арбағанына алданба.
Ақынға керегі – асқақ сөз бен аспап – саз.
Аяй білмеген адам емес.
Ажалға қарсы амал жоқ.
Ағашты жейтін – құрт,
Адамды жейтін – күйік.
Алланың ісіне араласпа.
Ақылыңмен барла,
Жүрегіңмен талға.
Ақкөзділік өкінішпен аякталар.
Ақшаның арқасында ғана адам атанбассың.
Арзандау сатқан ұтылар,
Азаптан ерте құтылар.
Алтын кілтін тапқасын,
Ашар қамал кақпасын.
Ақша жинап атың шықпас.
Ақша – пұл деп өледі,
Қорлыққа да көнеді.
Ақиқат – адалдықтың жанашыры.
Адалдың қолбасшысы – Алланың өзі.
Ақиқатқа әділеттілік есігі ашық.
Айла-шарғымен әлеуметтен озам деме.
Аярлықтан аулақ адам Аллаға бір табан жақын.
Ақ қойды көрген: «Іші толы ақ май екен!» — дер.

Ақыл жасқа қарамас,
Басқа қарар.
Артық мал көз шығармас.
Адам қадірін адам білер.
Адамның айнасы – еңбегі.
Арыстан жатағынан белгілі.
Алла адамға екі кұлақ, бір ауыз берген.
Алар күнде ала біл,
Берер күнде таба біл.
Ақыл – адамның қазынасы.
Ақ-адал ақша қара күн үшін.
Ауыз асар, көз қызарар.
Ағарған шаш, жылаған көз жасырынбас.
Ауыр қазан кеш қайнар.
Адамның ақымағы малды құшақтар.
Адам досынан танылар.
Аурушаң баста ақыл тұрмас.
Адамды адам бір-ақ рет алдар.
Аш өлмес, көзі қараяр,
Сусаған өлмес, жүзі сарғаяр.
Аштың ұйкысы қашар.
Аштық құтырғаннан да бетер.
Атаның өнері ұлына мирас.
Арық ат жол ұта алмас,
Арық ит аң тұта алмас.
Аштың қойнында нан тұрмас.

Ағаштан атауыз (ауыздық) жасалмас.
Астары тысынан қымбат.
Ағаш жапырағымен әдемі.
Алға қараған екі қарар.
Ақпаса да тамар.
Алтын кебекке зәру.
Ақтан қара асқақ па?!
Алтынның қымбатын сарраф1 (зергер) таныр.
Асылмен тасы тас,
Бейасылмен ішпе ас.
Астары кең пішілмей, тысы келіспес.
Аштың иманы қалмас.

1 Сарраф — алтын затын алып сатушы, зергер.
Алтын есіктінің ағаш есіктіге күні түсер.
Асылды жасырып тыққан — арамзада.
Ac тұзбен дәмді,
Тұздың да өлшемі бар-ды.
Асыңды, есіңді, ісіңді білгейсің.
Адамның арқалағаны ауыр.
Алла құлын қызметінен жаратар.
Ақымаққа әр күн — той.
Адал дос ағайыннан артык.
Алла сабырлы құлын сүйер.
Ақша деген қолдың кірі.
Атым теппес деме,
Итім қаппас деме.
Ат пен әйел азаматтың бағына.
Атылған оқ кері ұшпас.
»Алау!», «Алау!» дегенге аузың күймес.
Аштың өзі тояр, көзі тоймас.
Ат – жігіттің серігі.
Аяқты жүгіртетін бас.
Азғантай асым —
Азапсыз басым.
Аттың өлімі арпадан болсын.
Атың барда жол таны,
Қожаң барда ел таны.
Алтын кілт әр есікті ашады.
Аңшының қанша қулығы болса,
Аюдың сонша шиыры бар.
Аттың сормандайы арбаға жегілер.

(Қысқартылып алынды)

ПІКІР ЖАЗУ