Туған жерім тұғырым

Ауыл әр адамның жүрегінен ойып тұрып орын алады. Киелі мекенде дүниеге келген жанның бәрі де қазақи мінезді бойына сіңіріп өседі. Мен туып-өскен ауылым Аралтөбе деп аталады. «Ауыл» деген сөзді естіген де менің бойымды қуаныш кернейді. Өйткені ауылдың ауасы таза, суы тұнық, шөбі көк майса болады. Туған өлкемнің тұнып тұрған әсем көрінісі бойыма еріксіз мақтаныш сезімін құяды. Тау етегіндегі сайдағы қуыстарды қуалай өскен бұталы орманы, тау суы сарқырап ағып, кең далаға алып қашқан өзендері, дән теңізімен ырғалған жазық даласы, төрт түлік малға төсін ашқан құтты жайлау қырлары, көкпеңбек ағашпен көмкерілген, жасыл желекке бөленген ауыл үйлері, еліме деген махббат сезіміне бөлейді. Осындай кезде «Өз үйім – өлең төсегім» дегенді ұмытпау керек. Қазыбек би: «Алтын ұяң – Отан қымбат, туып өскен елің қымбат, кіндік кескен жерің қымбат» — деп туған жердің қасиетін текке ерекше бағаламаған. Сондықтан әрқайсымыз Отанмызды ардақ тұтып, оның тарихын жете білуіміз керек.

Әнуарбек Бекарыс

ПІКІР ЖАЗУ