Тәтті бәліш

9bet_f17Құрамы: манна жармасы – 5 ас қасық;
қант – 4 ас қасық; жұмыртқа – 3 дана;
сүзбе – 400 гр; қаймақ – 200гр;
тұз – бір шымшым.
Дайындау тәсілі:
Жеңіл, жылдам әрі өте дәмді пісетін бұл тағамды дайындау да оңай. Аталған заттардың бәрін араластырып, 0,5 шай қасық ас содасын саламыз, қалауыңша мейіз қосуыңа да болады. Осының бәрін ыдысқа немесе табаға салып, қызарғанша пісіреміз. Мұндай дәмді піскен тағам, сүзбе жемейтіндерге де өте ұнайды. Астарың дәмді болсын!

ПІКІР ЖАЗУ