«Талант – табиғаттан, талап – өзіңнен»

Қазақтың аса көрнекті ақыны, аудармашы, Қазақстанның халық жазушысы, Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері Мұзафар Әлімбаевтың биыл 2023 жылы туғанына 100 жыл толып отыр. Мұзафар Әлімбаев 1923 жылы 29 қазанда Павлодар обласы, Шарбақты ауданындағы Маралды ауылында туған. Алғашқы «Тырнақалды» өлеңі 15 жасында Павлодар облыстық «Қызыл ту» газетінде жарық көрген. Соғыс жылдарында шығармалары республиқалық, облыстық және майдандық газеттерде жиі басылып тұрған екен.
Кезінде балаларға арналған «Балдырған» журналында Мұзафар Әлімбаев ата 28 жыл қызмет етеді, журнал ашылған күннен бас редақтор болған, журналды балалардың ең сүйікті басылымына айналдырды. Ал «Мөлдір бұлақ» журналына ақ батасын бергенін кітапханада журналдардан оқып білдім.

 

Әлімбаев Мұзафар – қазаққа белгілі ірі тұлға. Жазушы өзінің шығармаларымен жастарды еңбеққорлыққа, ұқыптылыққа, ата жолынан, аға ізденісінен үлгі алып үйренуге шақырады. Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстанның халық жазушысы, Жамбыл атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты. Қазақстан Республикасының алғашқы Әнұраны авторларының бірі болған. Отан соғысының 1 және 2 дәрежелі ордендерімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, «Отан» орденімен марапатталған.
Барша Қазақстан оқырман-дарына Мұзафар Әлімбаевтың жан-жүрегі жылылық төгіп тұратың, қазақ дегенде іш-кен асын жерге қоятын, бала-ларға арналған төрттаған тақ-пақтарынан бастан еліміздің Әнұранын жазуға дейін араласып, азаматтық, ақындық абырой биігіне көтерілген, жаратылысы бөлек жан еді. Тұтас ел Мұзафар Әлімбаевтың ән мәтіндерін тыңдап өсті. Өзінің өкшесің басып келе жатқан қанатының қағысы бөлек інілеріне ықылас-пейілі ерекше болды, ол шын мағынасындағы аға, ұрпаққа ұстаз бола білді. Өзі де ағалардын көрген, тәрбиесінен жаңылмаған сиректеріміздің бірі еді. Сол өнегесін соңғы буынға да жалғады. Жастар үлкен әдебиетке қадам басқанда, алдымен ақ батасын беріп, ақжол тілеген де аяулы Мұзафар Әлімбаев ақсақал болды.
Балалар әдебиетін, балалар поэзиясын Мұзафар Әлімбаевсыз елестету мүмкін емес. «Балдырған» журналына көп жыл басшылық жасап жүрген кезінде оның жазған шығармалары оқырман жүрегіне тікелей жететін. Оның мөп-мөлдір, айнадай жарқыраған таза дүниелері басылым бетінен бұлақтай төгіліп тұратын. Мұзафар Әлімбаев өлеңнен бөлек, әлемнің арғы-бергі классиктерінің шығармаларын аударған еңбегі, жаңылтпаш жазып, мақал-мәтел жинақтап құрастыруы, осының әрқайсысы бөлек-бөлек қарастыруды қажет ететін дүниелер. Тілдің парқын білетін, мәйегін танитын, мәніне бойлай алатын қаламиесі болғандықтан, М.Әлімбаев әдебиетті өз аудармаларымен байытты. Мұзафар ата абыздық кезеңіне иек артқан шағында, аяғынан жүре алмай қалса да, арбамен айналып жүріп те шығармаларын жазып, өмірді сүйген өр рухын құлатпай өтті. Тәуелсіздік алғаннан кейін елімізде болып жатқан әр жаңалыққа құлақ түріп, жетістіктерге балаша мәз болып қуанып, Ел басшысынан бастап қатардағы азаматтарға дейін түгендеп, ісіне баға беріп отыратын. Өмірге өте құштар адам болды, оқудан, ізденуден, жазудан шаршамайтын.
М.Әлімбаевтың қанатты сөздері де ел арасында халық сөзі секілді кең тараған. Мысалы «Үйлену оңай, үй болу қиын» «Ескерткіш тозса да, естелік тозбайды» қанатты сөзінің авторы Мұзафар Әлімбаев екенін біреу білсе, біреу білмейді.
Біздің ауылдық кітапханасында жазушының «Көңіл қүнделігінен» атты кітабын алып оқыдым. Оның ішінде эссе, зерттеулері әр түрлі тақырыпта жазған шығармалары бізге жетті. Ол жазған асыл сөздер, тұнық жырлар өте көп. Соңына қалдырған оның творчествосы көпшіліктің көркемлік әлеміне қызмет ете береді. Мұзафар Әлімбаевтай тұлғалы таланттың орны туған елдің төрінде деп ойлайымын.
Балалар әдебиетінің атасы, ақындардың үстазы, көрнекті тұлға Мұзафар Әлімбаевтың 2008 жылы Алматы қаласында «Арыс» баспасыннан шыққан «Түркі халқының мақал-мәтелдері мен жұмбақтары» атты аударма кітабынан ақылдан туған дана сөздері, асыл маржанды мақал-мәтелдері «Ақша жинап атың шықпас», «Ақыл – адамның қазынасы» үзінділерің оқыдым. Тағы да Ақмырза ауылдық кітапханасына жаңа түскен Мұзафар Әлімбаев атамның «Алақай-Балақай» балаларға арналған өлеңдерін жаттап жүрмін.

Абакова Алина, Ақмола облысы,
Ерейментау ауданы, Ақмырза ауылы,
Ақмырза орта мектебінің 8 «А» сынып оқушысы,
Жетекшісі: Оңғарова Алмагүл Байкенқызы
Ақмырза ауылдық кітапханашы

ПІКІР ЖАЗУ