Талант табиғаттан – талап өзіңнен
Естеріңізде болса, 2021 жылы Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай, 2022 жылы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай шығармашылық байқау өткізген едік. Енді міне, 2023 жылы «Талант – табиғаттан, талап – өзіңнен» деген тақырыппен эссе жазу байқауы өз мәресіне жетті.
Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, балалар әдебиетінің атасы Мұзафар Әлімбаевтың туғанына 100 жыл толуына байланысты өткізілген байқаудың марапаттауын Алматыдағы №33 кітапханасында өткіздік. 2023 жыл бойы Республика бойынша оқушылардың эссе жанры бойынша шығармалары қабылданды. Қазылардың сараптауы бойынша таңдаулы 10 оқушыны жүлделі орынға лайық деп таптық.
Олар: 1.Нұрғожа Сафина, бас жүлде. Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясы 5 «А» сынып оқушысы. Жетекшісі: Байтенова Гүлім Жақсылыққызы.
2.Сейтбекова Айзада, бірінші орын. Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Ахмер ауылындағы №49 жалпы білім беретін мектебі. КММ 10 «В» сынып оқушысы. Жетекшісі: Уаткан Маржан Уатканқызы.
3.Аяулым Нұржанқызы, бірінші орын. Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Екпінді ауылы 22 жалпы орта білім беретін мектебі 7 сынып оқушысы. Жетекшісі: Феруза Елубайқызы.
4.Талғатов Нұрсұлтан Тулегенұлы, бірінші орын. Астана қаласы, М.Әуезов атындағы №86 мектеп-гимназиясы 8 сынып оқушысы. Жетекшісі: Акирапбаев Нұрбол Болатбекұлы.
5.Тоқтарбай Данайым, екінші орын. Алматы қаласы, Наурызбай ауданы №208 мектеп-гимназиясының 5 сынып оқушысы. Жетекшісі: Нысанова Жанар Сейдазқызы.
6.Жанаида Ардаққызы, екінші орын. Жамбыл облысы, Меркі ауданы, №44 жалпы орта білім беретін мектебінің 9 «Б» сынып оқушысы. Жетекшісі: Мукашева Жанар Серікқызы.
7.Сабит Аружан, екінші орын. Абай облысы, Жарма ауданы, Бірлік орта мектебінің 11 сынып оқушысы. Журналымыздың «Жас тілшісі». Жетекшісі: Зиябекова Еркеш Даукенқызы.
8.Кикабай Фариза, үшінші орын. Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Сарымолдаев ауылы, Асанбай Асқаров атындағы жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы. Жетекшісі: Маукебаева Гульфария Асанқызы.
9. Қазбек Аниса, үшінші орын. Жамбыл облысы, Шу қаласы, Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебінің 6 сынып оқушысы. Жетекшісі: Акшалова Индира Бақытқызы.
10. Садық Медина Даниярқызы, үшінші орын. Астана қаласы, Алматы ауданы, №86 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы. Жетекшісі: Жармағанбетова Ботакөз Қосымбайқызы.
Бұл он оқушыдан бөлек алыста болғандықтан келе алмаған бір оқушыға марапат жіберілді.
Ол, Алина Абакова, Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Ақмырза ауылы орта мектебі. Жетекшісі: Оңғарова Алмагүл Байкенқызы (кітапханашы).
2023 жылғы байқауымыздың үздік жүлдегерлерін шын жүректен құттық-таймыз!!! Кездесу кешінде «Мөлдір бұ-лақтың» Жас тілшісі Сабит Аружанға арнайы тілші куәлігі тапсырылды.
«Qazaqstan dauiri» газеті мен «Мөлдір бұлақ» журналының бас директоры Сәуле Мешітбайқызының қолдауымен әр жылы өткізіліп келе жатқан байқау биылда жоғары деңгейде өткізілді. Лауреаттар бағалы сыйлықтарын, дипломдарын, жетекшілері «Құрмет грамоталарын» алды.
Арнайы шақырылған қонақтар жазушы, » Qazaqstan dauiri» газетінің бас редакторы Ертай Айғали, жазушы, «Жұлдыз» журналы бас редакторының орынбасары Қали Сәрсенбай, ақын, «Серпер» сыйлығының иегері Саят Қамшыгер, Мұзафар Әлімбаев атаның баласы Баламер Әлімбаев, қоғам қайраткері, журнал қызметкері Раиса Қалдыбайқызы, 33-кітапхананың меңге-рушісі Қуаныш Исабекова, газеттің жауапты хатшысы Рауан Мутаир, өзгеде кеш қонақтары шәкірттерге ақ тілегін айтып, сыйлықтарын тапсырды. Тәуелсіздіктің отыз екінші жылында он бір талапкердің томағасын сыпырдық. Ие болған бағалы сыйлықтары құтты болсын!
Кеш барысында Мұзафар Әлімбаев атамыздың ұлы Баламер аға Дәулетбек Байтұрсынұлына әкесінің ұстаған, шығармаларын жазған Алтын қаламын сыйлады.
Дәулетбек Байтұрсынұлы, ақын, «Мөлдір бұлақ» журналының
Бас редакторы