«Шексіздікті таныған адам»

Шексіздік – ешқашан таусылмайды, тоқтамайды дегенді білдіретін сөз. Бұл әлем шексіз ғажайыптарға толы. Қай қырын алсақ та, оның шексіз тұсы бар. Ол шексіз сырын адам өзі табады, іздейді және жетеді. Шексіздікті тану – бұл өз мүмкіндіктерін бағалау және түсіну. Ал, ол биік түсінікті қалыптастырған кім? Шексіздікті таныған адам деп кімді айта аламыз?

Жақында «Шексіздікті таныған адам» деген фильмді көрдім. Туынды математика ғылымының ғажап жолдарын салып кеткен үнді математигі Сриниваса Рамануджан жайында баяндалады. Сриниваса Рамануджан 1877 жылы Британ отарындағы Үндістан жерінде дүниеге келген. Қарапайым есепші мен діндар ананың отбасында өсті. Рамануджанның математикаға жүйріктігі, қабілеті мектеп жасынан-ақ байқалады. Бала кезінде өзі тұратын аудан тұрғындарына есеп шығарудан көмектесіп, алғырлық танытқан екен. Бұл қасиетін көрші-қолаң, жақын туыстары байқап, бала болсада оған қошемет көрсетіпті. Оның математика іліміне қызығушылығы күн санап өсе береді, сандарды көрсе өзін тылсым әлемде жүргендей сезінетін. Ол 14 жасында Эйлердің косинус және синус теоремасын ашқан. Бұл оның алғашқы жетістігі еді. Бір қызығы теорема Рамануджаннаның жаңалығын жария етуінен бұрын шыққанын көріп қатты мұңаяды. Ол осындай сәтсіздікке жолықса да, оны алгебра мен формулалар әлемінен қайтара алмады, оның ойын тоқтата алған жоқ.
Математикадан күніне жүздеген есеп шығаруды әдетке айналдырған болатын, есеп шығаруға жаны құмар еді. Ол осындай тұрақты қарқынмен 16 жасында Джордж Шуборидж Каррдың «Қолданбалы математиканың қарапайым шешімдері» атты 2 томдық жинағына қол жеткізеді. Дәл осы кітап бозбала Рамануджанның ғылымның «шексіздік» есігін айқара ашады. Ол 6165 теорема мен формуланы қамтитын жинақ құрастырады. Бір ерекшелігі, бұл теоремалардың ешбір дәлелденуі болмаған. Өзін математикаға арнап, жанын сала отырып, ғылымда өз қолтаңбасының өшпестей болып қалуы керек деп шешті. Ұйқысыз түндер мен күлкісіз күндерін сандардың тізбектік теоремасын ашумен өткізді. Рамануджан өз еңбегін елеусіз қалдырмайды. Жұмыстарының еш құнын түсірмей, Кембридж университетінінің профессоры Голдфри Хардиге өзінің ғылыми туындыларын хат арқылы жолдады. Хатта ол өзінің ешқандай жоғары оқу орнын бітірмей, математикаға бала кезінен әуес болып, өзі оқып үйреніп, формулаларды өз бетінше құрастырғанын айтты. Көрнекті профессор жас ғалымның талантына таң қалды да, онымен жақынырақ танысуы үшін Ұлыбританияға шақырып алады. Міне, Кембридж университетінің табалдырығын аттаған күннен, Рамануджанның ғылымда жұлдызы жанады. Тәлімгері Хардимен бірлесіп, «Бөлімдер санының асимптотикасы» бойынша жұмысын сәтті аяқтады. Хардидің Рамануджанның бойындағы ерекше қабілетті байқап, оның ғылымда жолын жалғап беруі, нағыз ұстаздық потенциялын көрсетті.
Бұл фильмнің негізгі ойы: Адам ешқашан өз арманы мен мақсатынан таймау керек екенін, тек өз білімі мен күшіне сенгенде ғана табысқа жететінін аңғартады. Қарапайым, кедей отбасынан шыққан адам үлкен белесті бағындырып, қиын өткелдерді артқа тастап, өз мақсатымен бетпе-бет жолығуы «мүмкін емес нәрсе жоқ екенін» тағы бір рет айғақтады. Арманыңа сен, арманың – өмір шуағың!…

Садық Медина, Астана қаласы,
«Qadaz Media» білім орталығының оқушысы

ПІКІР ЖАЗУ