«Роза гүл» кексі

Құрамы:
6 жұмыртқа; 200 гр майонез; 3 шай қасық какао; 2 кесе қант; 3 кесе ұн; 30 гр май;
Дайындау тәсілі:
Жұмыртқаға қант қосып араластырамыз. Оған ас содасын қосып, көпіртеміз. Кеседегі ұнды, майонезді қосамыз. Майонез және қамырды біркелкі етіп аралас-тырамыз.Какаоны саламыз. Кекс пісіретін арнайы қалыпты майлап, қамырды құямыз. Орташа температурада 40-45 минуттай пісіреміз.
Ас дәмді болсын!

Дайындаған: Ақжүніс ДӘУЛЕТБАЙ,
№41 А.Асанов атындағы ОМ,
Сарыағаш ауданы, ОҚО

ПІКІР ЖАЗУ