Өзіңе сену мықтылықтың белгісі

«Өзіңе сен өзіңді алып шығар. Еңбегің мен ақылың екі жақтап» деп ақын Абай айтқандай мақсатың айқын болса армандар орындалады. Адам жер астындағы қазба байлық секілді. Байлық жер бетіне шыққан сәтте-ақ оның құны артады. Абай атамыздың бұл өлеңінің басты ойы – әр адамды соның ішінде жастарға өз-өзіне сенуді үйрету. «Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап» – мақтанға салыну деген нашар әдеттен сақтандырған өсиет өлең. Үш шумақ өлең өзегі – «Көкіректі керіп, қырт мақтанға ұрынба, оған құл болма!», «Екі сөйлеме, кісілікке ұмтыл!» идеясы. Өмірде барлық адам өз қалауынша өмір сүруге болады. Бірақ қалаған затқа жету үшін тағыда адал еңбекпен төзім сенім болу керек. Өзімізді-өзіміз басқару ол басты мәселе. Өз -өзіңді бақылау, бағалау, қадағалау қарам-қатынастан басталады. Адам мен сөйлесең оның ойы мен пікіріне аса назар аударған жөн. Себебі бүгінгі қоғамда барлық адам өзінше ойлай жасай алады. «Келісіп пішкен тон келте болмас» деген мақал-мәтел есіңе түсері анық. Қолыңнан келгенінше өзгеге көмек қолын ұсыну ол адамгершілік белгісі болып табылады. Адам алдымен өзінің ішкі және сыртқы көзқарасын өзгерту қоғамға басқаша көзбен қарау жан-жақты түсінуге тырысу.
Журналист Алмас Нүсіптің «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған мына мақаласы Абай атамыздың жоғарыда айтылған өлеңінде айтылған мәселелерді қозғайды.
«ҰБТ өтер-өткенше қазақ оқушылары психологиялық қысымнан арыла алмай-ақ қояды. Бұл қысым көбіне мұғалімдер мен ата-аналар тарапынан түседі.
Оқушыға түсетін қысымның негізгісі – әртараптан айтылатын түрлі кеңестер. Ең алдымен, таңғы сағат 5-6-да тұрып дайындалу керек деген көзқарас. Есте тез сақталатын көрінеді. Бірақ, соның пайдасынан зияны көп пе деймін. Қанбаған ұйқы, тынығып үлгермеген ми ойды адастырғыш келеді. Ұйқысы қанбаған, қарны аш адамға ілім қонушы ма еді?! Бір апта бір пәнге, екінші апта басқа пәнге дайындалу деген де дұрыс емес. Араға біраз уақыт түсіп кеткен соң, жаттаған дүниелер көмескілене бастайды. Бір күнді бір пәнге арнау да аса жақсы тәсіл дей алмас едік. Әр пән рет-ретімен күн сайын жоспарлы түрде қайталанып отыруға тиіс.
Мұндайда көлденең жұрт ақыл айтқыш келеді. «Тест кітапшасы білім болмайды», дейді. Бұл ақылды алсаң, мектеп бағдарламасына сай және одан тыс қаншама кітап оқу керек болады. Әрине, артық білім бас жармайды, оқыған жақсы. Бірақ, алдыңда тұрған уақыт өте қысқа. Соны тиімді пайдаланып қалмақ керек, сол себепті тесттен бас тарту мүлде мүмкін емес. Бұл жерде қазақтың «заманың түлкі болса…» қағидасы басты орынға шығады. Емтихан тест түрінде өте ме? Өтеді! Демек, қазақша айтқанда қиқаңдаудың реті жоқ. Құлағыңды әр ауызға бір тосып, «тест – білім болмайды екен» деп жүргенде, уақыт өтіп кетеді. Білімге құмартсаң – оқуға түс! Ал, оқуға түсудің бір-ақ жолы бар – ҰБТ. Тест түріндегі емтиханды жоғары білімге жеткізетін баспалдақ деп қабылдау керек. Қалған білімді қалай жинайтынын аузы аққа тиген соң әркім өзі көре жатады.
ҰБТ туралы ел аузында талай әңгіме айтылады. Бұл аса байқалмағанымен, оқушының жан дүниесіне әсер етпей тұрмайды. Мәселен, адамның ойына кіріп-шықпайтын сұрақтар келеді-мыс (Шыңғыс ханның атының түсі, Абылай ханның етігінің өлшемі деген сияқты. Көзбен көріп, қолмен ұстап келген ешкім жоқ, ата-ана аз балл алған баласын ақтау үшін, бала өзін ақтау үшін қайдан шыққаны белгісіз осы бір бос дақпыртқа май құйып бағады. Үлкендер тарапынан «Баланың миын ашытып, қай-қайдағыны ойлап табады. Бала түгілі, өздері біле ме екен соны?!» – деген сияқты сөздер де аз айтылмайды (мұндайды естіген бала оңдырып дайындалар ма?!). Бұл – деңгейі төмен оқушы мен солардың ата-анасы ойлап тапқан алып-қашпа «дерек».
«Құдай еңбектеріңді жемейді», – деуші еді бір ұстазымыз, орта жолдан килігетін әлгіндей әңгімелердің бәрін жиып қойып, оқушы ұстанатын сөз, міне, осы. Құдай еңбегіңді жемейді!.. «Өзіңнен мықтымен достас» дейді философтар, ең жақсысы, өзіңмен деңгейлес (тіпті жоғары), бәсекелесе алатын қатарласыңды тани білу. Біріге білу. Жаңағы айтқан ырыс та бір жұқса – осындай қатарласыңнан жұғуы мүмкін. Елдің баласы оқып жатқан түрлі курстар мен ақылы мамандарға қолың жетпеді ме, ол да қорқынышты емес. Олар да аспаннан алып ештеңе үйретпейді, мақтаулы мамандар да білмекке құмар жасқа ғана көмектесе алуы мүмкін…».
Расында да, алдыңа нақты мақсат қойсаң соған жетуге ұмтылу әрекет ету басты мақсатың жетуге өз-өзіңе жол ашу. Сенің көзқарасың ол сенің өмірің. Қоғамға, адамға деген ізгі ниет жылы қабақ мейірімділікті басшылыққа алсаң өзіңді де, өзгенің де өзгеруіне көмектесе аласың деген ойдамын. Адам алдымен өзгенің өзгеруін көру үшін өзіңе баса назар аударған жөн.
Хайдар Аида Ержанқызы, И.Ф.Халипов атындағы №1 орта мектептің 7 сынып оқушысы