Мөлдірсің тау суындай

24bet_f51«Мөлдір бұлақ» журналы мөлдіреген,
Оқыған адам сүйсініп елжіреген.
«Мөлдір бұлақ» журналы келмей қалса,
Шарқ ұрып жер-көктен сені іздегем.
Қызығып, құмарланып əр бетіңді,
Оқи берем, қоймаймын əдетімді.
«Мөлдір бұлақты» қызығып оқи берсем,
Боламын тамаққа ашқандай тəбетімді.
Мұзафар аға кеңес айтып өлеңге,
Киелі өлең құдіреті тереңде.
Егер сіздер айтпағанда ақылды,
Нар өлеңнің құдіретін білем бе?
Ұзақ ғұмыр журналыма тілеймін,
Өсе берсін, көтерілсін мерейің.
Өлең жаздым, тəлім алып өзіңнен,
Ал ендеше, сау болыңдар, не дейін.
Дəулет
СЕРІКҰЛЫ.
ШҚО,
Тарбағатай
ауданы,
Жаңа ауыл
ауылы.

ПІКІР ЖАЗУ