«Мөлдір бұлаққа» арнау
«Мөлдір бұлаққа» арнау
Менің сүйікті журналым – «Мөлдір бұлақ»,
Көрейін өлең жолын мен бір құрап.
Бұлақтың нәрін алып, бой түзеген,
Боламын жағадағы мен бір құрақ.
Ыбырай атамның себеп болған әңгімесі,
Оқиды кірген жанның әрбір есі.
Жиырма жылдық туған күн құтты болсын,
Журнал деген атыңа сай үлесің!..
Әр бала сені оқып сусындасын,
Қызықты сан айдарды ұсынғансың.
Шабыт беріп, біздердей өрендерге,
Қиялын биіктерге ұшырғансың.
Мақтанышым өзіңсің, «Мөлдір бұлақ»,
Жаныма жаққан кезде сен бір шырақ.
Сені оқып білім жинап, қуандым ғой,
Өз жауабын тапқанда небір сұрақ.
«Бұлақ көрсең, көзін аш» дегендейін,
Көк аспанда шарықтадым өлеңдейін.
Аталар бата берген журналымсың,
Үстем болсын, әрқашан, өр мерейің!
Нұрмахан Жансұлтан Ержетұлы,
Астана қаласы,
Абай Құнанбайұлы атындағы
№87 мектеп-гимназиясының 4 «Г» сынып оқушысы
Мұғалімі: Жайшыбекова Айнура Оралбековна
***
«Мөлдір бұлаққа» арнау
Құтты болсын «Мөлдір бұлақ», мерей тойың,
Тұнып тұрған қазына тұла бойың.
Ой-өрісті кеңейту, тіл дамыту,
Болашаққа беретін негізгі ойың.
Тәрбие тал бесіктен басталады,
Деген сөзге тоқтаса, жастар жаны.
Жас ұрпаққа берерің, айтарың көп,
Таусылмасын, шығармашылық дастандары.
Оқырманың көп болсын, сан зиялы,
Белестерге жетелер, ой қиялды.
Жас буынға мөлдір нәр, құнар берген,
Арта берсін журналдың абыройы.
Жас ұрпаққа тәрбие, тәлім берген,
«Мөлдір бұлақ» сыр тұнған сиқырлы әлем.
Қазақтың қазынасын толықтырып,
Көріне бер, шың асу, биік белестерден!..
Тілеген Айсана,
Астана қаласы
№60 мектеп-лицейінің оқушысы
***
«Мөлдір бұлаққа»!
«Мөлдір бұлақ» журналы,
Жеткіншекке арналған.
Шабытыңды шыңдайды,
Жетелеуден тынбайды.
Ұрпақ қамын ойлайды,
Білімге терең бойлайды.
Біз, сүйсініп оқимыз,
Санамызға тоқимыз.
Нәр беріп, шыңдап өсірген,
Жас шыбық, жасыл құраққа.
Мың алғыс «Мөлдір бұлаққа»,
Жасай бер, ғасыр, жыл, апта!..
Базарбай Амина Беркайырқызы, Астана қаласы, Астана қаласы
әкімдігінің Мұқағали Мақатаев атындағы №74 мектеп-гимназиясы шаруашылық
жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорны 3 «Ә» сынып оқушысы,
Жетекшісі: Абдикова Гульшат Шоптибаевна