МЕКТЕПТІҢ ЖҮРЕГІ – ҰСТАЗ (Астана ұстаздары республикалық байқауда топ жарды)

Алматы қаласында бастауыш сынып педагогтері арасында «Әдістемелер» байқауының республикалық кезеңі өтті. Бұл шара «Дұрыс тамақтану туралы әңгіме» бағдарламасының әдістемелік компонентін жетілдіру және ұлттық мәдениет пен әдет-ғұрыпқа қызығушылықты қалыптастырып, үздік педагогикалық тәжірибелерді насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.
Бұл байқауға Астана, Алматы қалалаларының жеңімпаздары қатысып, өз жұмыстарымен таныстырды. Байқауға ұсынылған жұмыстар келесі критерийлер бойынша бағаланды:
— «Дұрыс тамақтану туралы әңгіме» бағдарламасына тақырыптық сәйкестігі;
— Жаңашылдық және өзіндік ерекшелігі;
— Методологиялығы;
— Технологиялығы;
— Тиімділігі.
Байқау нәтижесі бойынша:
Астана қаласындағы Шәкәрім Құдайберді атындағы № 56 мектеп-лицейінің педагогі Серикбаева Айдана Маратқызы бас жүлдені иеленді. №44 Рақымжан Қошқарбаев атындағы орта мектебінің педагогі Жакишева Салтанат Кенжегалиевна III орын. №64 мектеп лицейінің педагогі Тажибаева Камшат Балгинбаевна III орын иеленді.
Айдана Байтұрсын, «Мөлдір бұлақ»