Мектебім – мақтанышым

 

Мектеп –кеме, білім–теңіз,

Желбіреген ақ желкені.

 

Білім және тәрбие беретін ғылым ордасы мектепөте ерекше, әрі қасиетті орын. Солардың бірі Балқаш қаласындағы әл-Фараби атындағы жалпы білім беретін мектебі.

Мен бұл мектепте даярлық сыныптан бастап оқып келемін. Мен өз мектебімді қатты жақсы көремін. Бұл мектептен мен сабырлық пен жігерлілікті бойыма сіңіре бастадым. Мектебім тәрбиелі болуға және еңбектеніп, білім алуға үйретті. Мейрімді ұстазым Гүлім Нүркенкызы адал, білімге деген құштарлығымды оятқан жан.

Мектептегі білімім жетістіктерге жетеледі. Іс-шараларға қатысып, орын алдым. Мен 1 сыныптан бастап үздік оқушымын. Халықаралық «Пони» байқауының жеңімпазы болдым. «Тіл – достықтың кілті»жаңылтпаштар сайысындаII орынға ие болдым және «Жамбылжырлары» атты мәнерлеп оқу байқауынанмарапатталдым. Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай ұйымдастырылған мәнерлеп оқу сайысынан II орын, «Алтын сақа» математикалық олимпиадасындаIII орынға  ие болдым.Бұл жетістіктер ұстазым мен мектебімнің арқасы.

Мектебім менің киелі алтын ордам. Арманым көп, алдыма қойған мақсатымда  көп. Сол арманға мақсатыма жететініме сенімдімін. Ұстазыма, жоғары сынып оқушыларына қарап бой түзеймін. Мен қәзір мектебімнің жетістіктеріне мақтанамын. Ал келешекте мектебім менің қол жеткізген нәтижелеріме мақтанса деген ойдмын. Өсе бер, өркендей бер менің сүйікті мектебім.

 

Сейталы Қызғалдақ,

Қарағанды облысы,

“әл-Фараби атындағы

жалпы білім беретін мектебі”

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

4 «Ғ» сынып оқушысы

ПІКІР ЖАЗУ