Мақтанышым Мақатаев!

Мақтанышым Мақатаев!

Жырыңды жаттап өскен бір баламын,
Талпынам қолыма алып жыр қаламын.
«Болмасаңда, ұқсап бақ», —
деген Абай,
Ата, сізге еліктеп жыр жазамын.

Әр жырың, әр өлеңің қымбат маған,
Ғайыптан пайда болып тіл қат маған.
Есейіп зерттей алсам, арманым жоқ,
Аға сіздің тағдырың жұмбақ маған.

Әйтеуір жақсы адамсыз анық маған,
Кесірлікті бойына дарытпаған.
Өлеңнің өлкесіне сапар шектің,
Қиялым саған тоқтар шарықтаған.

Көктем

Көктем келсе айнала құлпырады,
Табиғатқа бір әсем сыр тұнады.
Ақ қалпағын лақтырып, ақ бас таулар,
Құзар шыңның маңдайы жылтырады.

Көктем келсе жыл құсы оралады,
Көк көрпесін ну орман оранады.
Құрт-құмырсқа тіріліп, бақа-шаян,
Жер бетінде тіршілік оянады.

Өзендер сыймай ағып арнасына,
Құстар ұя салады талбасына.
Көктемнің күні жылы, түні салқын,
Ай қонақтап шығады тау басына.

Абдукасым Мейірім,
Алматы облысы,
Талғар ауданы, Қызыл-Қайрат ауылы
№19 көпсалалы мектеп-гимназиясының
8 «Д» сынып оқушысы.

Жетекшісі: Аққоян Ержан

ПІКІР ЖАЗУ