Лимонад сусыны

Лимонад – лимонның немесе басқа жеміс-жидектің дәмі мен хош иісі бар салқындатылған сусын. Лимонад сусыны жоқ кездерде халық бұлақ суын пайдаланған. Аталған тәтті сусын ХVII ғасырда Францияда пайда болған. Кәдімгі суға лимон және балды араластырып әзірлеген. Осылайша лимонад деген атпен тәтті сусын дүниеге келеді. 1767 ж ағылшын дәрігері Джозеф Пристли сумен ғылыми тәжірибе жасау барысында газдалған сусынды ойлап тапқан. Мұндай сусын тәтті болмаған. Тек 1838 жылы ғана газдалған сусынға лимон шәрбатымен қосып әзірлеуді ойлаған. Ал, құлпынай, шие, алма, ананас сияқты жемістердің шырынын қосуды 1850 жылдары ғана жүзеге асыра бастаған. Бір қызығы осындай сусындарды әдеттегідей лимонад сусыны деп атай берген.

Дайындаған Адина ЕРҚАРАЕВА.

ПІКІР ЖАЗУ