Қыс қызығы

Петропавл облысы конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасында облыс чемпионаты өтті

Конькимен жүгіру спорты – бұл олимпиадалық спорт түрі, онда конькимен сырғанау кезінде белгілі бір қашықтықты қарсыластарға қарағанда тезірек жүгіріп өту керек.
Бұл үшін арнайы коньки-клаптар қолданылады. Конькилердің жүзі арнайы серіппелі топсамен етіктің алдыңғы жағында ғана бекітілген. Бұл итеру фазасын ұлғайту үшін арнайы жасалған және жоғары жылдамдыққа қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Конькимен жүгіруге арналған костюм спортшының денесінің табиғи формаларын қайталауы керек. Дене пішінін өзгертетін кірістірулерге немесе элементтерге тыйым салынады.

Петропавлда конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасында облыс чемпионаты өтті. Ептілік пен төзімділік сыналатын сайысқа қала және облыстан 2 ауданынан келген 80-ге жуық спортшы қатысты.  Олар жас ерекшелігіне қарай 4 топқа бөлініп, 4 қашықтықта сынға түсті.

Конькимен жүгіру спорты Петропавл облысында қарқынды дамыған. Ұлттық құраманың жартысы – солтүстікқазақстандық спортшылардан құралған. Олар: Олимпиада қатысушысы Роман Креч, әлем чемпионаты мен кубогының жүлдегерлері Надежда Морозова және апалы-сіңлілі Шумековалар.  Республикалық додаларда жеңімпаз атанған спортылар да бар.

Коньки Спорты – конькимен мұз үстінде шапшаң жүгіру және мұз айдынында мәнерлеп сырғанау. 1892 ж. конькимен жүгірушілердің Халықаралық одағы ұйымдастырылды. Қазір оған 40-қа жуық ел мүше. Қазақстанда Коньки Спортының дамуына Медеу мұз айдынының салынуы үлкен ықпал етті. Тарихы Мұзы қатқан көл, өзендер бетінде сырғанақ заттар көмегімен жүгіруді адамдар ежелден-ақ білген. Конькимен мұз үстінде жүгірдің тарихы өте ежелде жатыр. ХХІ ғасырда алғаш рет голландықтар мұз үстінде сырғанауды ойлап тапқан. ХVI ғасырда конькимен жүгіру скандинавия елдерінде жарыс түрінде қалыптасты. 1676 жылы ең алғашқы конькимен жүгіру жарысы өткізілді. Спорттың бір түрі ретінде конькимен жүгіру спорты XIX ғасырдың екінші жартысында қабылданып, дами бастады.

Ақпанның 7-14 аралығында Қытайда қысқы Азия ойындары өтеді. Дүбірлі додада теріскейлік 5 конькимен жүгіруші ел намысын қорғайды. Өңірде аталған спорт түрі қарқынды дамып жатыр. Бүгінгі жарысқа қатысып жатқандар – сол толағайларымыздың ізбасарлары. Чемпионатта әр топта 20 спортшы, олар екі-екіден жарысады. Спортшылардың уақыттары жазып алынып, жеңімпаз анықталады. Сайыстан кейін облыс құрамасы жасақталады.

Чемпионатта талай республикалық додаларда жеңімпаз атанған жеткіншектер де өнер көрсетті. Соның бірі – Алина Мухоряпова. Бұрымды – 17 жаста. Коньки жарысымен 11 жылдан астам уақыт айналысады екен. Ол  жарыстың басты фавориті саналды.

АЛИНА МУХОРЯПОВА, Қ.Байболов атындағы облыстық мамандандырылған БЖСМ тәрбиеленушісі:

– Чемпионатқа тыңғылықты дайындалдым. Талай рет облыс чемпионы атансам да қарсыластарымды бағаламауға болмайды. Спортта бәрі болуы мүмкін. Болашаққа деген мақсатым айқын. Бәрі уақытымен болады. Тек талмай еңбек етсем болғаны. Шамамен 10 жылдан кейін Олимпиаданың ең биік тұғырында тұрып, әнұранымызды шырқатқым келеді.

Жеңімпаз бен жүлдегер атанғандар наурыз айында Астанада өтетін ел чемпионатында өңір намысын қорғайтын болады.

 

Әділет ҚАБИДЕНҰЛЫ

ПІКІР ЖАЗУ