Кітапхана жаңа  кітаппен  толықты

Батпаққараның дарабоз ақыны Қостанай, Торғай еліне өзінің ақындық өнерімен  белгілі болған, туған жерінің мәдениетіне  ерекше еңбек сіңірген, ұстаз, әнші, айтыскер ақын Құтжан Қанжығалиннің ұрпақтарының қолдауымен, «Інжудей асыл сөзді жырмен төктім» кітабы Қостанай қаласы, «Қарлығаш» баспасынан басылып шығып, кітаптың тұсау кесер салтанаты аудандық орталық кітапханада өтті.

Бұл шараға, айтыстың қара нары Құтжан Қанжығалинның қызы Құтжанова Төлетай апай балаларымен арнайы келді. Жырды шын сүйетін өңір тұрғындары сырға толы кеште зор әсерге бөленді. Алдымен бойына ақындық өнер тамған Құтжан Қанжығалинның  айтыстағы жеткен жетістігіне тоқталды. Сахна төрінде ақынның  «Інжудей асыл сөзді жырмен төктім»  жыр жинағының тұсауын аудан әкімі Карбозов Талғат Тойшыбекұлы  және ардагерлер кеңесінің төрағасы Уахитов Балтабай атамыз тұсауын кесіп, кітапханаға табыстады.

Құтжан Қанжығалинның түрлі тақырыптағы жырлары тындарманның жүрегіннен  орын тауып, толғандыратыны рас.  Осы ретте Құтжан Қанжығалинның қызы халықаралық додалардың жүлдесін бермей жүрген ақынның  қызы Жадыра Құтжанова  әкесіне арнауымен бастады. Әдеби шарада ақынның  шығармалары орындалып, өлеңдері оқылды. Келген көрермендер ақын Құтжан Қанжығалинның халқына қандай қадыры бар екенің аңғарды. Жүрек жарған өлеңдері, әдемі әндері қонақтардың көңіліне қонды.

Жаңа кітаптың тұсау кесу кешіне арнайлап келген қалын жұрт Құтжан Қанжығалин ақынды тереңірек танып, оның жарыққа шыққан кітабымен танысты. Келген қонақтар керемет әсер алып, ерекше сезім құшағына бөленгенін тілге тиек етті.

Елдің рухын көтеріп, мәдени мәртебесін жоғарлатып, бүгінгідей  уақытта, сеніміне серпін беретін, бірден бір күш кітап десек, міне бүгін кітапханамызға  «Інжудей асыл сөзді жырмен төктім» атты жаңа кітабы оқырман қауымға жол тартты. Бұл кітап арқылы жасөспірім оқушылар, айтыс сүйер қауымға үлкен сый деп білеміз! Және әке аруағын тірілтіп, артына айтыс өнеріне із қалдырған Құтжан Қанжығалин атамыздың кітабын елімізге, халыққа  сый етіп таратқан Төлеутай Құтжанқызы бастаған ұрпақтарына  алғысымыз шексіз.

 

Мусабаева Зарина,

Қостанй облысы, Амангелді ауданы.

Амангелді аудандық орталық

балалар кітапханасынң меңгерушісі.

ПІКІР ЖАЗУ