Ішкі нарық- ел экономикасының тірегі

Біз күн сайын дүкеннен түрлі тауарлар сатып аламыз: нан, сүт, киім, ойыншықтар немесе мектеп құралдары. Бұл заттардың кейбірі өз елімізде жасалады, ал кейбірі басқа мемлекеттерден әкелінеді. Осындай тауарлар сатылатын орын мен экономикалық жүйені нарық деп атайды.

Ал ішкі нарық дегеніміз – белгілі бір елдің ішінде өндірілетін және сатылатын тауарлар мен қызметтердің жиынтығы. Яғни Қазақстанда өндірілген өнімдердің Қазақстан халқы үшін сатылуы – ішкі нарықтың бір бөлігі. Ішкі нарықты қорғау – ел экономикасының маңызды міндеттерінің бірі. Себебі бұл жергілікті кәсіпкерлерді қолдауға, жұмыс орындарын сақтауға және елдің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге көмектеседі. Әрбір мемлекет өз экономикасының дамуын қалайды. Егер елде өндіріс дамыса, онда жаңа зауыттар мен фабрикалар ашылады, адамдар жұмысқа орналасады, ал халықтың тұрмысы жақсарады. Ішкі нарықтың маңызы бірнеше себеппен түсіндіріледі. Біріншіден, жергілікті кәсіпкерлер өз өнімдерін сата алады. Бұл олардың өндірісті дамытуына мүмкіндік береді. Екіншіден, жаңа жұмыс орындары пайда болады. Зауыттарда, фабрикаларда және дүкендерде көптеген адамдар еңбек етеді. Үшіншіден, ел экономикасы тұрақты болады. Егер мемлекет тек шетелдік тауарларға тәуелді болса, онда қиындықтар туындауы мүмкін. Сондықтан мемлекеттер өз ішкі нарығын қорғауға ерекше көңіл бөледі. Нарықта екі негізгі қатысушы бар: өндірушілер және тұтынушылар. Өндірушілер – тауар немесе қызмет жасайтын адамдар мен кәсіпорындар. Мысалы, наубайхана нан пісіреді, тігін фабрикасы киім тігеді, ал зауыт техника шығарады. Тұтынушылар – сол тауарларды сатып алатын адамдар. Яғни біз бәріміз тұтынушымыз. Егер өндірілген тауар сапалы және бағасы қолжетімді болса, адамдар оны сатып алады. Осылайша нарықтағы сұраныс пен ұсыныс қалыптасады. Ішкі нарықты қорғау – осы жүйенің дұрыс әрі тұрақты жұмыс істеуіне көмектеседі. Мемлекет ішкі нарықты түрлі тәсілдер арқылы қорғайды. Бірінші тәсіл – отандық өндірісті қолдау.

Мемлекет жергілікті кәсіпкерлерге жеңілдіктер беріп, жаңа кәсіпорындардың ашылуына көмектеседі. Екінші тәсіл – сапаны бақылау.

Елге әкелінетін тауарлар арнайы тексерістен өтеді. Бұл халықтың қауіпсіздігі үшін маңызды. Үшінші тәсіл – әділ бәсекені сақтау. Егер бір елдің тауарлары өте арзан бағамен көп мөлшерде әкелінсе, жергілікті өндіріс зардап шегуі мүмкін. Сондықтан кейде мемлекет арнайы экономикалық шаралар қолданады. Бұл шаралардың барлығы ішкі нарықты тұрақты дамыту үшін қажет.

Дүкендерде «Қазақстанда жасалған» деген жазуды жиі көруге болады. Бұл – отандық өнім. Отандық өнімді сатып алу бірнеше жағынан пайдалы жергілікті кәсіпкерлер қолдау табады; жаңа жұмыс орындары сақталады; ел экономикасы нығаяды. Мысалы, егер адамдар өз елімізде өндірілген сүт, нан немесе киім сатып алса, онда сол кәсіпорындар әрі қарай жұмысын жалғастырады. Сондықтан көптеген елдерде отандық өнімді қолдау мәдениеті қалыптасқан.

Ішкі нарықты қорғау – тек экономистердің ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ ісі. Балалар да бұл мәселені түсіну арқылы болашақта саналы тұтынушы бола алады. Сапалы өнімді таңдау; отандық тауарларға назар аудару; еңбек пен өндірісті құрметтеу. Экономика – әр адамның өмірімен байланысты үлкен жүйе.

Қазіргі әлемде мемлекеттер арасында сауда байланыстары өте тығыз. Бірақ әр ел өз өндірісін дамытуға тырысады. Қазақстан да жаңа технологияларды енгізіп, өндіріс пен кәсіпкерлікті дамыту бағытында жұмыс істеп келеді. Жаңа зауыттар ашылып, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп салалары дамып жатыр. Болашақта еліміздің ішкі нарығы одан әрі нығайып, отандық өнімдердің саны көбейе түседі. Мүмкін бүгінгі балалардың арасынан болашақ кәсіпкерлер, экономистер немесе ғалымдар шығып, ел экономикасын дамытуға үлкен үлес қосар. Ішкі нарықты қорғау департаменті Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) құрылымдық бөлімшесі болып табылады, оның негізгі міндеттері:

– ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің экономика саласына нұқсан келтіретін үшінші елдерден келетін демпингтік, субсидияланатын немесе өскен импортқа қарсы іс-қимылға бағытталған ішкі нарықты қорғау шараларын (демпингке қарсы, өтемақы және арнайы қорғау шаралары) қолдану алдындағы тергеп-тексерулер жүргізу;

— экономиканы сауда режиміне ырықтандыру салдарынан импорттың ықтимал өсуінен туындаған тәуекелдерден қорғау үшін Одақтың үшінші елдермен еркін сауда туралы халықаралық шарттарында көзделген преференциялық саудада қорғау шараларын қолдану алдындағы рәсімдерді жүргізу. Ішкі нарықты қорғау — отандық өндірушілерді қолдау, кәсіпкерлердің мүдделерін қорғау және сапасыз, қауіпті немесе арзан импорттық тауарлардан (демпинг) экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары. Бұл кедендік тарифтерквоталартехникалық реттеу және демпингке қарсы шаралар арқылы жүзеге асырылады.

Ішкі нарықты қорғаудың негізгі бағыттары:

Отандық өндірісті қолдау: Ел ішіндегі өнім өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және оларды шетелдік демпингтік тауарлардан қорғау.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету: Контрафактілік, сапасыз және қауіпті өнімдердің нарыққа енуіне жол бермеу.

Халықаралық сауданы реттеу: Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕАЭО) аясында үшінші елдерден келетін тауарларға қарсы арнайы қорғау шараларын қолдану.

Сыртқы сауда саясаты: Үкімет деңгейінде импортты реттеу, арнайы баж салығын енгізу.

Бұл шаралар экономикалық тұрақтылықты сақтау және халықты сапалы отандық өніммен қамтамасыз ету үшін өте маңызды.  Ішкі нарықты қорғау – елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды бағыт. Ол жергілікті өндірісті қолдауға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға көмектеседі. Әр адам отандық өнімді қолдап, сапалы тауарларды таңдаса, ел экономикасы да нығая түседі. Өйткені күшті экономика – тұрақты әрі дамыған мемлекеттің негізі.

Жуырда отандық азық-түлік өндірісін қолдау тетігін түбегейлі күшейтуге жаңа жұмыс тобы құрылды. Бұл бастама Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында берген нақты тапсырмасы аясында қолға алынды. Жұмыс тобына тамақ өнеркәсібі саласындағы салалық қауымдастықтар мен уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері енді. Жұмыс тобына Мәжіліс депутаты, «Amanat» партиясы жанындағы аграрлық сектор мәселелері жөніндегі республикалық кеңестің төрағасы Нұржан Әшімбетов жетекшілік етеді. Қазір­гі уақытта топ тамақ өнеркәсібі сала­лық одақтарының ұсыныстарын жинақ­тап, заңнамадағы олқылықтарды сара­лап, реттеуші құжаттарды жетілдіру бағы­тын­да белсенді жұмыс жүргізіп жатыр.

Нұржан Әшімбетовтің айтуынша, Президент өз Жолдауында еліміздің азық-түлік нарығында импорттың шектен тыс басым болуын ашық айтып, бұл жағдайды ұят деп бағалады. Сондай-ақ депутаттарды отандық өндірушілерді қорғауға бағытталған заңдарды батыл әрі жүйелі түрде әзірлеуге шақырды.

«Ел басшылығының негізгі міндеті – отандық өндірісті дамыту мен азық-түлік импортына тәуелділікті азайту. Осы мақсатта салалық одақтар мен мемлекеттік органдарды біріктірген жұмыс тобын құрдық. Енді ішкі нарықты қорғауға әрі отандық өндірушілерді нақты қолдауға бағытталған шешімдер қабылдайтын уақыт келді», деді ол.

Жұмыс тобының талқылауында бүгінгі күні отандық азық-түлік өндірісінің дамуын тежеп отырған бірқатар өзекті мәселе көтерілді. Соның бірі – ірі сауда желілерінде импорттық тауардың басымдығы. Көп жағдайда сауда желілері үшін шетелдік өнімді өткізу тиімдірек, ал отандық тауарлар сөрелерден ығыс­ты­рылып отыр. Бұған ЕАЭО-ға мүше кейбір елдердегі, әсіресе Ресей мен Беларусьтағы мем­лекеттік қолдау шараларының кең­дігі әсер етеді. Мәселен, Ресейде өндіру­шілердің тауарды сату нүктесіне дейін жеткізу шығындарының бір бөлігі өтеледі. Нәтижесінде, импорттық өнімнің өзіндік құны төмендеп, ол ішкі нарықта артықшылыққа ие болады.

Тағы бір күрделі түйін – ретробонус мәселесі. Заң бойынша сауда желілерінің азық-түлік тауарларына 5 пайыздан артық «сыйақы» алуына тыйым салынған. Алайда іс жүзінде түрлі қосымша «қызметтер» арқылы бұл төлем 40 пайызға дейін жетіп отыр. Соның салдарынан отандық өндірушілер өз өнімінен түсетін табысының қомақты бөлігінен айырылып, дамуына мүмкіндік таппай келеді.

Кейбір аймақтарда 1–2 ірі сауда желісінің үстемдігі орнап, жергілікті өндірушілер үшін балама өткізу арналары жоқтың қасы. Мұндай жағдайда сауда желілері өз шарттарын еркін қояды, ал өндіруші соған көнуге мәжбүр.

«Қазақстан сүт одағының» директоры Владимир Кожевников бұл мәселені жүйелі түрде шешу қажет екенін айтады. Отандық өндірушілер үшін сауда сөресінің кемінде 60 пайызы бекітілуге тиіс немесе ЕАЭО аясындағы серіктес елдер қолданып отырған протекционистік шараларға айна-қатесіз жауап беру қажет. Беларусь тәжірибесі мұндай қадамның тиімді екенін дәлелдеп отыр.

Бұдан бөлек, «сұр» импорт проб­лемасы әлі де өзектілігін жойған жоқ. Сарапшылардың алдын ала бағалауынша, кейбір азық-түлік санаттарында бақы­лаусыз әрі заңсыз импорттың үлесі 40 пайызға дейін жетуі мүмкін. Мұндай өнімдер салық төлемейді, сақтау мен тасымалдау талаптарын сақтамайды, нәтижесінде төмен бағамен сатылып, отандық өндірушілерге әділетсіз бәсеке туғызады.

Г.Тұрлыбекова

ПІКІР ЖАЗУ