Естімеген елде көп
Қытай – Азия құрлығындағы ең үлкен мемлекеттің бірі. Жерінің үлкендігімен және халқының көптігімен ерекшеленетін геосаяси мемлекет. Көптеген геосаяси сарапшылардың пікірінше, бұл елдің экономикасы күн сайын дамып, әлемге өзіндік ықпалы бар мемлекетке айналды. Одан бөлек қытайлықтардың бізге жат болып көрінетін салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары жетерлік. Мысалға қытайлықтар қоғамдық орындарда тамақтанып отырып, түкіріп, кекіріп және басқа да бейәдеп қылықтар жасайды. Бұл олар үшін қалыпты жағдай болып саналады. Осындай сан қырлы ұнамды-ұнамсыз сырға толы Қытай туралы қызықты мәліметтерді біле отырайық.
Қытай шын мәнінде өте таңғажайып ел. Бұл елдің сырын ғасырлар бойы шетелдік тарихшылар да, саяхатшылар да біле алмаған. Яғни, бәріне жұмбақ ел болып келген. Қытайда саяхат жасау қайталанбас әсерге толы болады. Ежелгі Қытай көптеген өнертапқырлықтардың бастамасы әрі шыққан жері болып табылады. Оның ең басты ерекшелігі хатқа түскен жазба деректерінің мол болуы. Ежелгі бамбукке және қышқа ойып жазған кітаптарынан бастап есептегенде жазу мәдениетінің өзі бес мың жылдық тарихқа ие.
Қытайдың негізгі атауы – Джун-Гуо (中国 немесе 中华人民共和国, пиньинь Zhōng guó немесе Zhōnghuá Rénmín Gònghéguó). Ортаншы мемлекет немесе әлемнің ортасы деген мағынаны береді.
*Қытай ең ежелгі өркениеттің бірі. Оның қайнар көзі б.з.д. 6000 жылы пайда болған.
*Қытай көлемі жағынан үшінші ел. (Ресей және Канададан кейінгі).
*Жердегі әр бесінші адам қытайлық.
*Жер бетіндегі әр төртінші адам қытай тілінде сөйлей алады.
*Қытайда ақ түс қаралы күннің белгісі.
*Күрішке ас таяғын қадап қоюға болмайды. Бұл жақыны дүниеден озған үйде жасалатын ритуал.
*Шошқа байлық пен тыныш-тықтың символы.
*Қытайлықтар нөл санының түсінігін тұңғыш болып енгізген.
*Адам қолынан жасаған ең үлкен бөгет Янцзы өзенінде орналасқан.
*Қытай – өлім жазасына кесілген адамдардың саны бойынша көшбасшы мемлекет, әлемнің ең көне цивилизациясы болып саналады.
*Әлемдегі ең үлкен жол кептелісі Шанхай қаласында болды.
*Шамамен 100 шақырымға созылып, 12 күнге дейін кептеліс болды.
*Қытайлықтар оқ дәріні алғаш ойлап тапқан.
*Тамақты дауыс шығарып жеу аспазға деген құрмет.
*Қағазды ежелгі қытайлықтар алғашқы болып жасаған.
*Тұсбағдар (компас) Қытайда жасалды.
*Қытай тілі ең көне тілдердің бірі болып саналады.
*Қытай тілі 50 мыңнан астам иероглифтен тұрады.
*Ұлы Қытай қабырғасының жалпы ұзындығы 8851 км 800 м.
*Әйгілі Playstation ойын құралына Қытай территориясында тыйым салынған.
*Қытайда 100 миллионнан астам адам күніне 1 долларға ғана өмір сүріп жатыр.
*Жыл сайын Қытайда 4 миллион мысықты жеп қояды. Қытайлықтар төрт санын жек көреді. Өйткені төрт санының айтылуы өлім деген сөздің айтылуымен бірдей. Қытай ғимараттарында төртінші қабат жоқ. Төртінші қабат болса да оны бесінші қабат дейді.
Әрине, бұл қызықты деректердің бәрі емес. Онан өзгеде толып жатқан ерекшеліктері жетеді. Әлем елдері жөнінде біле жүрген дұрыс болар деген оймен ұсынып отырмын.
Есбол Мухаметханұлы,
Сүлеймен Демирел Университеті
журналистика факультетінің студенті