«Эссе жазу» байқауы

Құрметті жас достар!

Республикалық «Мөлдір бұлақ» журналы танымдық байқауын одан ары жалғастырады. Ғұлама ғалым Әл-Фараби бабамыздың «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деген ұлы қағидасына сүйене отырып, жастардың тәлім-тәрбиесін күшейту, ұлттық патриоттық сана-сезімдерін жоғарылату, тіл байлықтарын арттыра түсу мақсатында эссе жазу бағытында балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаев туралы «Адам болудың алғашқы қадамы – балалық шақтан басталады» деген тақырыпта эссе жазу байқауын өткіземіз.
Байқауға еліміздің барлық өңіріндегі 5-11 сынып арасындағы оқушылар тегін қатынаса алады. Қазақтануды түпкі қазық етіп, Ел тәуелсіздігін қорғау, мемлекеттің ірге тасын нығайта түсу, рухани қуаттылығымызды одан ары арттыру, ағабуынды әспеттеу, олардың еңбектерін бағалау жолында күш біріктіруге шақырамыз.
Туғанына 100 жыл (15.10.1924) толып мемлекет бойынша аталып өткелі отырған ұлт жазушысы, балалар әдебиетінің алыбы, шығармалары әлем әдебиетіне қосылып кеткен, ұлт мақтанышына айналған көрнекті тұлға. Ол әдебиеттің проза жанры бойынша ауқымды дүниелер жазған қаламгер. Әсіресе, балалар әдебиеті бағытында мол қазына қалдырған қаламгер. «Менің атым Қожаның» өзі бір әлем, «Он алты жасар чемпион», «Бақыт жолы», «Алыстағы ауылда», «Балалық шаққа саяхаты» тұнып тұрған өмір. «Өлгендер қайтып келмейді» романының орныда өзгеше.

 

Байқаудың шарттары:

Байқау жылдағыдай эссе жазу формасында, бердібектануға басымдылық беріліп, еркін форматта өтеді. Жазушының шығармашылық қырын негізге ала отырып ой өрбітеді. Оқушы ой жүгірту, көркем сөз қолдану, қисынды жазу шеберлігі жағынан сынға түседі.
Осы мамырдан бастап байқауға қатынасатын оқушылар редакцияның электрондық почтасына жазған шығармасын жіберу керек. Соңына толық аты-жөнін, мектебі мен сыныбын, мекен-жайын, байланыс телефонын, жетекшісінің есімін толық жазады. Эссе 2024 жылдың қазан айының басына дейін қабылданады. TIMES NEW ROMAN, А4 пен екі беттен аспау керек. Вордпен жібересіздер.
2024 жылы қазан айында іріктеу жүргізіледі. Республика күні мерекесінің қарсаңында бәйгеден озып шыққан үздіктерді марапаттау рәсімі Алматыда өтеді. Жалпы төрт дәреже бойынша 15 ке жуық үздікке арнайы диплом мен бағалы сыйлықтар беріледі. Жетекшілік еткен ұстаздары Құрмет грамоталарымен марапатталады.
Байқауға қатынасатын кез-келген оқушы Қазпошта бөлімшесіне барып журналға он екі айға жазылуы (кемінде соңғы жарты жылдыққа жазылуы) тиіс. Жазылғаны туралы түбіртегін бізге қосып жолдайды.

 

Байқаудың ерекшелігі:
Байқауға қатынасу үшін оқушылар кітап оқиды, дербес пікір жүргізеді, жазушы өмірі мен шығармашылығын барынша көрсетуіне мүмкіндік туады. Осылайша оқушының қабілеті мен тіл байлығы сарапталады. Бердібектануға бір қадам жасайды.
Ұстаздарының сілтемесі арқылы Б.Соқпақбаев шығармаларын оқу арқылы көркем, деректі, тәлім-тәрбиелік, этнографиялық, салт-дәстүрлік, шешендік қазақы мінезге байланысты білім үйреніп дайындалады. Байқаудың аты айтып тұрғандай, қаламгер Бердібек Соқпақбаев арқылы оқушылар балалар әдебиетін таниды. Осылайша қазақ тілі мен ұлттық болмыстың шәкірт санасына сіңуіне назар аударылып, көзқарасы мен ұстанымы бағаланады.

 

Байланыс телефоны: 87073754041,
электроды почта: moldir_bulak@mail.ru
«Мөлдір бұлаққа» жазылу жыл бойы жалғасады. Әр айдың 20-на дейін өзің тұратын мекен-жайға жақын «Қазпочта» АҚ-ның бөлімшелеріне барып жазыласың. Келесі айдан бастап журнал қолыңа тиеді.
Алматы қаласы бойынша жазылу бағасы:
1 айға – 298,14 тг
6 айға – 1788,84 тг
12 айға – 3577,68 тг
Облыстар, қалалар, аудандар,
ауылдар бойынша жазылу бағасы:
1 айға – 302,44 тг
6 айға – 1814,64 тг
12 айға – 3629,28 тг
ИНДЕКС: 75937

ПІКІР ЖАЗУ