Досыма хат
Ардақты менің «Алтын жұлдыз» сыйлығының иегері атанған журналым!
Мен сізбен бірінші сыныптан бастап доспын. Менің сыныптастарым да сізді жалықпастан қызыға оқу үстінде.Үнемі сынып сағатында уақыт тауып осы журналдағы өзіммен қатар құрбылырымның мақалалары мен өлеңдерін оқып, талқылау барысында менің журналға деген қызығушылығым арта бастады. Оған ұстазымыз Гүлзира апай себеп болды. Сіз менің ішкі сырымды айтатын досыма айналғандайсыз. Менің өзіңізге жазған хатымды журнал бетіне жариялайсыз деп сенемін. Сіздерге сәттілік тілеймін! Мен осындай бірлігі мен татулығы жарасқан «Мәңгілік Елде» туғаныма ризамын және бақыттымын.
Сәлеммен: Бейбарыс БЕГАЛЫ,
№ 221 негізгі мектебі,
Қызылорда облысы,
Жаңақорған ауданы, Аққұм ауылы.
Ардақты менің «Алтын жұлдыз» сыйлығының иегері атанған журналым.
Мен саған алғаш рет өзімнің ойыммен бөлісіп хат жазып отырмын.Мен мөлдір бұлақ оқығанды жақсы көремін.Бұл жураналдың ерекшелігі бір гүліп бір жылап алуға болады.Өйткені мұнда қызықты сөзжұмбақтар ақындардың әсерлі ойларымен керемет шығармаларын оқуға өзің ақын болып қалам ұстап өлеңдетуге қолымыз қалт еткенде түрлі салатпен дәмді тағамдар әзірлеуге қолыңның шеберлігін шыңдауға түрлі кеңестер оқып ағылшынша үйреніп ойыңды бөлісуге түрлі пәндер бойынша біліміңді сынға салуға болады.
Сәлеммен Акжигитова Мадина
Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп
Шығыс Қазақстан обылысы Үржар ауданы
Ауылдағы жан досыма арналған хат !
Мен жылсайын жазғы демалыста сенің ауылыңа барамын.Біз екеуіміз тауға шығамыз табиғатын түрлі құбылыстарын тамашалаймыз жəнеде шомылуға барамыз өзенге.Біздің əр күніміз өте қызықты өтетіні есіңдема Іңжу.Мен жазғы демалысты асыға күтіп жүрмін.Іңжу осы жазда барғанда сен жəне анаң екеуің маған құрт жасауды үйретесіңба.Сендердің алуылдарында таңғы және кешкі көрініс маған қатты ұнайды.Сондықтаң мен саған барғанда екеуіміз табиғат асына серуендеуге барайық жəнеде өзенге барып шомылып қайтайық .Санаулы күндерден кейін демалысқа шығамың бірден сенің үйіне барамын. Екеуіміз быйылғы жаздыда қызықты өткіземіз деген ойдамын.Осымен хатымды аяқтаймын көріскенше аман сау бол Іңжу.