Дара тілім
Қазақ тілім — өз тілім, дара тілім,
Өз тіліммен сөйлеуге жаратылдым.
Қазақ деген үлкен бір алып құстың
Бауыр ет, сары үрпек балапаным.
Ана тілім бәрінен қымбат маған,
Сол тіліммен нәр алып қуаттанам.
Шәрбәтінен сол тілдің қанып ішіп,
Қанып ішіп сол тілде жырлап бағам.
Қырмызы ТОҚТАРҚЫЗЫ.
Еңбекшіқазақ ауданы,
Қойшыбек ауылы.
Суретті салған: Аймен ТӨЛЕПБЕРГЕНОВА.
Жамбыл облысы, Мәдімар ауылы.