Балалар арасындағы заң бұзушылықтың себептері

Былтыр елімізде балалардың құқықтарын қорғау бойынша маңызды оқиғаларға толы кезең болды. Бұл жыл еліміздегі балалардың құқықтарын қорғау жүйесінде маңызды өзгерістер жылы болды. Қабылданған заңдар тек балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, олардың толыққанды дамуына жағдай жасайды, соның ішінде жетім балаларды, аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды және қиын жағдайға тап болған мектеп оқушыларын қолдау көзделіп отыр. ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті  бұл қадамдар әрбір баланың жарқын болашағын қамтамасыз ететін қоғам құруға ықпал ететініне сенімдіміз деп атап көрсетті.

Әсел Бердімұратова, психолог маман: Балалар арасындағы құқық бұзушылық — бұл өте маңызды әлеуметтік мәселе. Психологтың балалармен жүргізетін сұхбаты бұл мәселеге терең талдау жасауға мүмкіндік береді. Мұндай сұхбаттар көбінесе баланың мінез-құлқын түсінуге және оларды құқық бұзушылықтарға итермелейтін себептерді анықтауға бағытталған. Баланың психоэмоционалдық жағдайы, отбасылық ахуал, әлеуметтік ортасы мен құрдастарымен қарым-қатынасы — осының бәрі баланың мінез-құлқын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

Балалармен сұхбат барысында келесі мәселелерді қарастырамыз:

  1. Баланың эмоционалдық жағдайы: Балалар арасында құқық бұзушылықтың себептері көп жағдайда олардың психологиялық қиындықтарымен, эмоционалдық күйзелістермен байланысты. Баланың көңіл-күйі, алаңдаушылығы немесе ашуы туралы сұрауы мүмкін.
  2. Отбасылық ахуал: Баланың отбасындағы жағдайы құқық бұзушылықтарға әсер етуі мүмкін. Отбасындағы зорлық-зомбылық, ата-аналармен қарым-қатынас немесе эмоционалдық қолдау жетіспеушілігі бала мінез-құлқында қиындықтарға әкелуі мүмкін.
  3. Құрдастарымен қарым-қатынас: Құрдастар арасындағы қарым-қатынас баланың мінез-құлқына әсер етеді. Мектептегі және ауладағы қатынастар, балалардың өзара әрекеттесуі құқық бұзушылықтар үшін әлеуетті факторлар болуы мүмкін.
  4. Құқық бұзушылықтың себептері: Баланы құқық бұзушылыққа итермелеген нақты жағдайлар мен себептерді түсіну маңызды. Бұл әлеуметтік қысым, құрдастар арасындағы бәсекелестік, қаржылық қиындықтар немесе басқа да әлеуметтік мәселелер болуы мүмкін.
  5. Психологтың балалармен жұмыс әдістері: Психолог балалармен жұмыс істегенде оларды тыңдап, түсіністікпен қарап, жан-жақты қолдау көрсетеді. Әңгіме барысында бала өзін еркін сезініп, ашық болуы үшін қауіпсіз орта жасау керек.

Маман балалармен жұмыс кезінде құқық бұзушылықтан алдын алу және балалардың психологиялық дамуында дұрыс бағыт беру үшін арнайы әдістер мен тәсілдерді қолданады.

Бұзық бала» дегеніміз – ережелерді немесе тәртіпті жиі бұзатын, үлкендердің айтқандарына бағынбайтын немесе тәртіпсіз әрекеттер жасайтын бала. Мұндай балалар әдетте үйде немесе мектепте ескерту алып, жиі жазаланады. «Бұзық» сөзі көбінесе теріс мінез-құлықты сипаттауға қолданылады.

Психолог маманның пікірінше қазіргі жасөспірімдердің қылмыс­қа баруына бірнеше фактор әсер етеді. Бірінші, ата-ананың қарауынан тыс қал­ған кезде. Екінші, оның ортасы. Отбасында тәрбиелік бағытта әңгімелер, кездесулер, сөйлесулер жүр­гі­зілмегенінің салдары да бар.

Қоғамдық пікір бұзық балалар туралы сөз болғанда олардың көбіне «біреуден есесін қайтару мақсатында» немесе «заңнан бейхабар» болуы себеп­ті мұндай әрекеттерге барып жатады де­генге саяды. Ал психологтердің ай­туын­ша, жас жеткіншектердің қылмыс жасауының басты себептерінің бірі отбасылық қарым-қатынастың әлсіреуі екен. Яғни баланың немен айналысып, қайда барып жүргеніне ата-ананың назар аудармауы. Сондай-ақ кімдермен жолдас болып жүргені мен баланың әлеуметтік желілерге оңай қол жеткізуі де әсерін тигізіп тұр. Өйткені олар қыл­мысқа балалықпен, аңғалдықпен ұрына­тын көрінеді. Бұған қоса бала жақсы әдетті де, жаман әдетті де, ең алдымен, отбасында көретінін ескерсек, оның тәрбиесіне талбесіктен мән берген жөн. Қабылданған заңдардан бөлек, 2024 жылы Комитет балалардың құқықтарын қорғауды күшейту және жас ұрпақты қолдаудың қосымша механизмдерін құру мақсатында 14 жаңа нормативтік құқықтық акті, оның ішінде қаулылар мен бұйрықтарды шығарды.

Қазақы тәрбиеде балаға үлкендерді құрметтеуді, кішіге қамқорлық жасауды үйретеді. Бірақ шамадан тыс тыйым­дар, оның қызығушылығымен санас­пау, эмоцияларын көрсетуден тыю – болашақта баланың бостандығы мен таңдауына кедергі келтіреді. Сондықтан кез келген ата-ана арадағы теңдікті ұстай білуі керек. Психолог-ғалымдардың зерттеуінше, бала үш жасқа келгенде алғашқы өтпелі кезең болады. Бала психикасының дамуындағы дағдарыс оның қылықтарынан көріне бастайды. Себебі дәл осы жас – баланың «жоқ» дегенді түсінгісі келмейтін, тыйым салуды ұнатпайтын, мінез-құлқы тұрақсыз кезеңінің бірі. Бұл жағдайда баланы жақсы жаққа қарай бағыттай білу – ата-ананың басты міндеті. Оған өзге адамдардың жай-күйін түсіну, яғни эмпатия қабілетін мектепке дейін қалып­тастырған абзал. Үлкен жауапкершілік мұғалімдерге де артылады.

Балалар арасында заң бұзушылықтар әртүрлі себептер мен жағдайларға байланысты болуы мүмкін. Бұл мәселені талқылағанда, балалардың құқық бұзушылықтарының негізгі түрлерін, себептерін және оған қарсы қабылданатын шараларды қарастыру маңызды.

Балалар арасындағы заң бұзушылықтың негізгі түрлерінің бірі ұрлық. Бұл балалар арасындағы жиі кездесетін заң бұзушылықтың бірі болып табылады. Әдетте, бұл әрекет қаржылық немесе материалдық тапшылықтардан туындайды. Балалар арасында физикалық және психологиялық зорлық-зомбылық, сонымен қатар бұзақылық әрекеттері (мысалы, басқа балаларды қорқыту, бопсалау) да орын алуы мүмкін. Балалар мен жасөспірімдер арасында есірткі мен алкогольді тұтыну заң бұзушылықтардың бірі болып табылады. Бұл құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселесі қоғамда маңызды болып отыр. Интернеттегі заң бұзушылықтар, соның ішінде кибербуллинг, жеке ақпаратты заңсыз алу немесе тарату, онлайн алаяқтық сияқты әрекеттер, балалар мен жасөспірімдер арасында артып келеді.

Балалар арасындағы заң бұзушылықтың себептері. Қиын отбасы жағдайы, ата-аналармен қарым-қатынас мәселелері, тәрбиенің жеткіліксіздігі баланың құқық бұзушылыққа бейімділігін арттыруы мүмкін. Балалардың өз құрбы-құрдастарынан теріс ықпал алу немесе әлеуметтік желілердегі теріс әсерлер, оларға зиянды мінез-құлықты үйретуі мүмкін. Мектепте зорлық-зомбылық, қорлау немесе дұрыс оқу жағдайының болмауы баланың қателіктерге жол беруіне әсер етеді. Балалар кейде материалдық жағдайдың төмендігіне байланысты ұрлық сияқты құқық бұзушылықтарға ұрынады.

Балаларды құқықтары мен міндеттері туралы оқыту, заңның маңыздылығын түсіндіру, сондай-ақ оларды қылмыс жасау салдарынан қорғау. Балаларға психолог немесе педагог мамандар арқылы көмек көрсету, оларды дұрыс мінез-құлыққа бағыттау. Ата-аналарға заңды және моральдық тәртіпке үйрету, баланың психологиялық жағдайын бақылап, оның мінез-құлқын дұрыс бағыттау. Мектептер мен қоғамдық ұйымдардың жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтарды анықтау және алдын алу бойынша бірлескен жұмыстар атқаруы. Балалар мен жасөспірімдер арасындағы заң бұзушылықтардың тағы бір ерекшелігі — интернет пен цифрлық технологиялардың үлкен әсері. Әлеуметтік желілер мен онлайн ойындардың әсерінен балалар арасында киберқылмыстар немесе зиянды контентті тұтыну сияқты жаңа құқық бұзушылықтар көбейген. Сондай-ақ, технологиялардың дамуы балаларға жаңа қауіптер мен қауіптер туғызуы мүмкін, сондықтан оларға интернетте қауіпсіз әрекет ету дағдыларын үйрету өте маңызды.

Балалар арасындағы заң бұзушылық мәселесі қоғамда үлкен маңызға ие. Балалардың тәрбие мен білім алуындағы олқылықтарды толтыру, олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, сондай-ақ психологиялық және әлеуметтік көмек көрсету арқылы бұл мәселенің алдын алуға болады.

Г.Тұрлыбекова

ПІКІР ЖАЗУ