Бала отбасының көз қуанышы
Дана халқымызда «Баланы бес жасқа дейін хандай құрметте, он бес жасқа дейін құлыңдай жұмса, он бестен кейін досыңдай сырлас» деген өмірлік түйін бар. Баланың саналы, білімді, тәрбиелі азамат болуы үшін өскелең ұрпағымыздың күн сайын отбасы мүшелері арасындағы ең жарасымды, ең әділетті қарым – қатынастардың куәсі болуы керек. Отбасы мүшелері бір – бірімен түсіністік жағдайда өмір сүргені орынды. Ұрпағымыз бақытты, өмірде жетістікке жеткен табысты адам болуы үшін оларды бақытты балалық шақпен қамтамасыз етуіміз қажет. Бақытты бала – жақындарының махаббаты мен мейіріміне бөленіп өскен бала. Ұрпағымыз өмірге келісімен көп көңіл аударып, оның өнегелі қасиеттерін отбасында қалыптастырған орынды.
Төрт жасар Бақытқан Айша Мақсатқызы болашағынан үлкен үміт күттіретін бүлдіршін-дердің бірі. Ол Алматы қаласындағы «Ертөстік» балабақшасына барады. Мінезі ашық, спортқа жақын соның ішінде көркем гимнастикаға ерекше қызығушылығы бар. Анасы Нұргүл қызының үлкен есте сақтау қабілеті, қызығушылығы және керемет тапқырлығы бар екенін айтты. Жыл санап Айша өзінің қасиеттерін дамытып, жасына сай кітаптарға қызығады екен. Қосымша көркем гимнастика үйірмесіне қатысады, ән салып би билегенді ұнатады. Айшаның тағы бір хоббиі сурет салу. Бос уақытында қол өнермен де шұғылданады. Айша өзіне қажетті ән мен биді өз бетінше үйрену үшін ата-анасының смартфонын қолданады. Бүлдіршін қызды дарындылығының алғашқы белгісі зеректігімен байқалуда. Айша жақындарын таңқалдырудан жалықпайды.
Інісі Бақытқан Жамиль Мақсатұлы екі жаста.
Ол да «Ертөстік» балабақшасының тәрбиеле-нушісі. Үнемі сұрақтар қойып көп нәрсені білуге ұмтылады. Жамиль мінезі ашық, ешкімді жатырқамайтын бала. Өзін қорғай біледі. «Ер қанаты — ат» демекші Жамиль атқа мінгенді ұнатады. Жақындары мықты азамат болып өседі деп үлкен сенім артады. Спорттың бокс түріне қызығушылығы байқалады. Шығармашылық, қиялына ерік беретін ойындар ойнайды.
Табиғат — тіршілік көзі. Табиғатты қабылдау балаларда көңілділікті, эмоционалдылықты, барлық тіршілік иелеріне сезімтал және зейінді қатынасты дамытуға көмектеседі. Айша мен Жамиль табиғатты жақсы көреді.
Мағжан Жұмабаев бала үшін ойынның маңызы мен тәрбиешінің міндеті жөнінде «Баланың қолына берген ойыншық, ойнатқан ойын, «баламен бала болып ойнау» – тәрбиенің іргетасы» деп айтқан. Балалар ойнау арқылы да білім жинайды.Сондықтан Айша мен Жамиль ойын алаңдарына баруды әдетке айналдырған. Ата-апасы да немерелерімен бірге жиі уақыт өткізіп, көбірек әңгімелесіп ақылды болып өсулеріне көмектесуде.
Гауһар Тұрсынқожа