Астана — тазалық пен тәртіптің үлгісі

«Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары бағдарламасы Республиканың барлық өңірлерінде және Астана қаласы бойынша жүзеге асырылып келеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елімізде биылғы жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялаған болатын. Бұл қазіргі еңбекқор және талантты жастардың батыл бастамаларының іске асуына негіз болмақ. «Жасыл ел» қозғалысы Мемлекет басшысының бастамасын толығымен қолдайды, сондай-ақ елдің одан әрі дамуы үшін бар күшін салуды жалғастырады.
«ЖАСЫЛ ЕЛ» – бұл жастардың қаламыздың көгалдандыру мен тазалығын сақтауға, жас ұрпақ бойына патриоттық және экологиялық тәрбие беріп, елдегі жұмыссыздық көлемін азайтуға, еңбек етіп дамуына және көпшілікке өзінің еңбекқорлығымен біліктілігін көрсетуге үлкен мүмкіндік беретін жоба. Жыл сайын осы бағдарламаны іске асыруға қала жастары мен студенттер, мектеп оқушылары белсенді атсалысуда!
Жыл сайын «ЖАСЫЛ ЕЛ» жасақтары қатарында жастардың саны артып келеді, 2022 жылы 1200-ден астам жастар жұмыспен қамтылған болса, 2024 жылы жазғы маусымда 4200-нан астам жас жұмыспен қамтыды. 2025 жылы 5200-ден астам жастарды жұмыспен қамтиды, олардың қатарында көпбалалы отбасыларының, әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балалары, сонымен қатар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар да болады. «ЖАСЫЛ ЕЛ» қозғалысы 2005 жылдан бастап жүзеге асырылып келе жатқан ке шенді бағдарлама. Астана қаласында «Жасыл ел» Жастар еңбек жасағының Республикалық штабы құрылып, еліміздің барлық аймағанда бөлімшелері ашылып, өз жұмысын бастап кеткен.
Жобаны іске асыруда 100-ден астам серіктес ұйым жұмыс жасалды. Олардың қатарында «Bazis Construction» ЖШС құрылыс компаниясы, «Астана-Зеленстрой» АҚ, жәнеде бірқатар құрылыс нысандарымен қаламыздың барлық бақ және саябақтары, 100-ден астам білім беру мекемелері, 20-ға жуық колледж және 10-нан астам жоғару оқу орынадары болады.
Аталмыш жоба 21-жыл ішінде көптеген жастың Отанға деген сүйіспеншілігін оятып, елордамызды жасыл желекке айналдыру мақсатында олардың жалын-жігерін, күш-қуатын бір арнаға тоғыстыра алды. 14 және 35 жас аралығында жұмыссыз жастар мен студенттерді жазғы еңбек маусымында жұмысқа орналастырып келеді.
«Жасыл ел» бағдарламасы жақсы бастама ретінде бүгінгі күнге дейін өз мақсатынан тайған емес. Қаншама студенттерiмiз бос уақытын тиiмдi өткiзе отырып еліне қызмет жасауда. Бiр жағынан елiмiздi гүлдендiруге, көгалдандыруға ат салысса, екiншiден, әрбiр жас өзiнiң бос уақытын игі іске жаратып жатқаны қуантарлық жайт болып отыр
Ағымдағы жалдың 11 маусым күні Астана қаласы, Байқоңыр ауданы «Чугунка» аумағында Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы және Астана қаласының Байқоңыр ауданы қолдауымен «Жасыл Ел» жобасы жастарының қатысуымен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында «Таза серсенбі» экологиялық акциясы өтеді.
Жүзден астам жастар аумақтың жан-жағын ретке келтіреді. «Таза серсенбі» акциясы қаланың экологиялық жағдайын жақсарту және тазалықты сақтау, әрбір аулада тазалық пен тәртіпке саналы, адал көзқарас қалыптастыру. мақсатында өткізіледі.
Айта кетейік, биыл «Жасыл Ел» еңбек жасақтарының XXI еңбек маусымы басталды. Жоба аясында елорда бойынша 5200-ден астам 14 пен – 35 жас аралығында жастар жұмыспен қамтамасыз етіледі. Олар қаламыздың құрылыс нысанындарына, қала маңындағы «жасыл белдеуде», әлеуметтік нысандарды, жалпы білім беретін мекемелер аумағында, қала саябақтарына, көгалдандыру жұмыстарына жұмылдырылады. 12 маусым күні елордада ерекше маңызы бар іс-шара өтеді. Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы және Астана қаласы әкімдігі жанындағы «Astana Invest» қалалық инвестицияларды дамыту орталығының қолдауымен «Жұмысшы мамандықтарының жылы» аясында «Жасыл Ел» еңбек жасағының жастарына арналған Индустриялық паркке арнайы таныстыру экскурсиясы ұйымдастырылады.
Іс-шараның мақсаты – жастар арасында жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру, өндірістік салаларға деген қызығушылықты ояту, сондай-ақ болашақ кәсіби бағдар беруге ықпал ету. Экскурсия барысында жастар Индустриялық парктегі құрастыру, өндірістік құрылыс және жоғары технологиялы зауыттардың жұмысымен танысады. Олар өндіріс процесін көзімен көріп, зауыттардың заманауи технологиялармен жабдықталу деңгейі және еңбек жағдайларымен таныса алады.
Сапар аясында қатысушыларға келесі кәсіпорындар мен өндірістік алаңдарға бару жоспарланып отыр:
Құрылыс материалдарын шығаратын зауыттар;
Металл конструкцияларын құрастыратын өндіріс орындары;
Жоғары технологиялық автоматтандырылған желілермен жабдықталған зауыттар.
Жастар үшін арнайы кәсіби бағыт-бағдар беру сессиялары, тәжірибелі инженерлер мен зауыт басшыларымен кездесу, сұрақ-жауап алаңдары ұйымдастырылады. Сонымен қатар, қатысушыларға Индустриялық парк аумағындағы инвестициялық жобалар мен болашақтағы жұмыс орындары туралы кеңінен ақпарат беріледі.
Іс-шара «Жасыл Ел» еңбек жасағының 2025 жылғы маусымдық жұмыс кезеңінің бір бөлігі ретінде өтіп отыр. Жобаға Астана қаласының жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері, жастар ұйымдарының белсенді мүшелері қатысады. Мамыр айының соңында Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен, Республикалық студенттік құрылыс және жастар жасақтары қозғалысы қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Студенттік құрылыс және «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының ХXI еңбек маусымының салтанатты ашылуы өткенін де ерекше атап өткен жөн.
«Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары бағдарламасы Республиканың барлық өңірлерінде және Астана қаласы бойынша жүзеге асырыла бастады. Осы жиырма жылдын ішінде Астана қалалық «Жасыл ел» штабы қаламызда елеулі еңбектер атқарып, 14 және 35 жас аралығында жұмыссыз жастар мен студенттерді жазғы еңбек маусымында жұмысқа орналастырып келді.
Ағымдағы жылы «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша 5200-ге дейін адамды жұмысқа орналастыру жоспарлануда, оның ішінде көп балалы отбасылардан шыққан балаларды, әлеуметтік-аз қамтылған отбасыларды (14 жастан бастап) жазғы уақытта жұмысқа орналастыру көзделген және жобаға қатысатын барлық жастар арнайы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Олар қаланы көгалдандыруға, саябақтар мен мектеп аумақтарын тазартуға көмектесті. Жасыл ел кәмелетке толмаған жауынгерлері ҚР Еңбек кодексіне сәйкес күніне 4 сағат жұмыс істеді.
Жасыл Елдің биылғы ұраны: «Астана — тазалық пен тәртіптің үлгісі».
Гауһар ТҰРСЫНҚОЖА