Асқар шыңым

fon_goriТілім менің өмірімнің өлеңі,
Ана тілдің мол болады берері.
Əр адамға ақыл құйған ұстаздай,
Тіл де бізге шапағатын төгеді.
Тілім менің бұл өмірде тірегім,
Мен тілімнің болашағын тіледім.
Егер тілім құрып кетсе дəл қазір,
Жарылып-ақ кетеді ғой жүрегім.
Мағына көп əр сөзінде қазақтың,
Жақұт сөздер өзін жеңер азаптың.
Тілін білмей мəңгүрт өткен адамды,
О дүниеде оты күтер тозақтың.
Былдырлаған жас сəбиден басталған,
Бұл тілімді асырамын асқардан.
Сөздің мəнін күллі əлемге тербеткен,
Шоқты көрем мен қазіргі жастардан.
Ықылас ТҰРСЫНБЕКҰЛЫ.
Алматы қаласы.

ПІКІР ЖАЗУ