Абай ата
Абай ата
Абай атам халқының ұлы ақыны,
Болды елге танымал ең жақыны.
Жазып кеткен еліне өсиетін,
Кейінгілер білсін деп қасиетін.
Әр өлеңі шариғат, Құранға бай,
Қазағым сөйлесін деп шұбарламай.
Бес асыл мен бес дұшпан сараланды,
Тілін, дінін жүрсін деп еш қорламай.
Қара сөзі, нақыл сөзі бізге таң,
Атқаруға тиістіміз біз қатал.
Поэмасы, ойтолғауы, әндерін,
Үйренумен болсақ дейміз ізбасар!…
Басымызға туып тұр заман жаңа,
Абай ата біздерге алаңдама!
Сусындаймын әрқашан сіздің жырмен,
Абай дана қазақта, Абай дара.
Ұлылардың есімі мүлде өшпейді,
Ешбір ақын өзіңе теңеспейді.
Ұрпақ үшін кейінгі «аңыз адам»,
Жасай берер, мәңгілік, ол өшпейді.
Мұқағалиға!
Тартымды өлең-жырдың мұзбалағы,
Сізге арнап шәкірттерің жыр жазады.
Ақиық, дара, сырлы, шамшырағым,
Тартылмас жырларыңның сырлы аралы.
Ақын атам, кемеңгер, дара тұлғам,
Орның бөлек өзгеше жаратылған.
Шын ниетпен жолыңды қуып келем,
Тұлпардай тықыршимын таңасырған.
Ақыл, білім
Ақыл – шырақ, қара түнді ашатын,
Білім – жарық, нұрын саған шашатын.
Адалдық пен әділдікті тең ұстап,
Біз боламыз тыңға қадам басатын.
Білім – байлық, бар жұмбақты табатын,
Білім – сәуле, барша нұрын шашатын.
Ойы терең, тілі майда, сөзі шоқ,
Мен емеспін, қазынадан қашатын!…
Біліп айтқан сөз білікті саналар,
Қиянат сөз басыңды жеп табалар.
Олай болса, тең ортасы керегім,
Парасаттан сәулелі нұр таралар!…
Тең ұстап
Ақыл, жүрек, қайратты үйлестіріп,
Таразымен тең ұстап, күймес қылып,
Рухымызды суғардық ұлағатпен,
Жанымызға ләззатты күй кештіріп!..
Өмір сүрді дүрбелең заманада,
Абайға да тап берген жала, нала.
Бәрімізді ғылымға шақырады,
Ортадан оза шапқан дара Дана.
Дильназ Мұқажанова,
Жамбыл облысы,
Қордай ауданы, Көктөбе ауылы
Смағұл Сәдуақасұлы атындағы негізгі мектебі КММ,
9 сынып оқушысы