Менің киелі мекенім

Менің туған ауылым – Сейілбек ауылы. Бұл ауыл мен үшін ең қымбат, ең ыстық мекен. Ауылым табиғатымен де, тарихымен де ерекше.
Сейілбек ауылында көптеген киелі және тарихи орындар бар. Соның бірі – Бөлтірік шешен кесенесі. Бұл жерде елге ақыл айтқан, әділдігімен танылған шешен бабамыз жерленген. Үлкендер оның даналығы туралы жиі әңгімелейді.
Ауылымызда Қарақожа баба мешіті де бар. Бұл – адамдар дұға жасап, тыныштық табатын қасиетті орын. Мешітке барған кезде өзімді сабырлы әрі жақсы сезінемін.
Ауылымыздың қырдың биігінде орналасқан Қызыл қорған қамалы да ерекше. Қазір оның тек орны ғана сақталған. Үлкендер бұл қамал жаугершілік замандардан қалған дейді. Кейбір деректерде ол 10–12 ғасырларда қалашық немесе бекініс болған деп жазылып жүр. Бұл орын әлі толық зерттелмеген. Мен болашақта осы қамал туралы көбірек біліп, зерттеу жасағым келеді. Интернеттен қарасам, қамалдың көрінісі өте керемет.
Сейілбек ауылында әдемі «Жәдік көл» бар. Бұл көлде аққулар мен қаздар жүзіп жүреді. Көлдің табиғаты өте сұлу, мен ол жерге баруды жақсы көремін.
Мен өз ауылымды қатты жақсы көремін. Сейілбек ауылы – менің киелі мекенім. Болашақта ауылымның тарихын зерттеп, оны көп адамға танытқым келеді.
Сембек Айару, Жамбыл облысы
Талас ауданы
Сейілбек ауылы
Шона Смаханұлы атындағы
Сейілбек ауылының негізгі мектебінің
4-сынып оқушысы
