ТӘУЕЛДІЛІКТІҢ АЛДЫН АЛУ – САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫНЫҢ НЕГІЗІ

Қазіргі қоғамдағы маңызды мәселелердің бірі түрлі зиянды тәуелділіктердің алдын алу. Тәуелділік адамның денсаулығына ғана емес, оның психологиялық жағдайына, отбасына, оқуына, жұмысына және қоғамдағы қарым-қаты-насына да кері әсер етеді. Сондықтан тәуелділіктің алдын алу әрбір отбасы мен коғам үшін маңызды міндет.
Тәуелділіктің алдын алуда ең бастысы дұрыс тәрбие мен саналы таңдау. Бала мен жасөспірімге зиянды әдеттер дің салдары туралы жасына сай, түсінікті түрде ақпарат беру қажет. Алайда тек тыйым салу жеткіліксіз. Жастарға бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік жасап, спортқа, шығар машылыққа, кітап оқуға және пайдалы үйірмелерге баулу маңызды.
Спортпен айналысу адамның денсаулығын нығайтып қана қоймай, тәртіпке, жауапкершілікке және мақсатқа жету ге үйретеді. Ал шығармашылық пен білімге қызығушылық
адамның өзін дамытуына жол ашады. Өзін пайдалы іспен айналыстыра алған жас зиянды әрекеттерден аулақ болуға бейім келеді.
Бүгінде интернет пен әлеуметтік желілер өміріміздің бір бөлігіне айналды. Сондықтан оларды дұрыс әрі қауіпсіз пайдалану мәдениетін қалыптастыру қажет. Уақытты жос парлау, пайдалы ақпаратты таңдау, шынайы өмірдегі қарым-қатынасты бағалау тәуелділіктің алдын алуға көмектесетін маңызды дағдылар.
Әр адам өз денсаулығы мен болашағына жауапты екенін түсінуі керек. Зиянды әдеттен бас тарту әлсіздік емес, кері сінше, мықты ерік-жігер мен саналы шешімнің белгісі.
Дені сау, білімді және саналы ұрпақ елдің жарқын бо-лашағы. Сондықтан әрбіріміз дұрыс таңдау жасап, тәуелділіктің алдын алуға үлес қосуымыз қажет.
Ә. Қабиденұлы