Мемлекеттік-жекешелік әріптестік – тиімді дамудың тетігі

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік – бұл мемлекет пен жеке компаниялардың бірігіп жұмыс істеуі. Мемлекет халыққа керек жобаларды ұсынады, ал кәсіпкерлер оны жүзеге асыруға көмектеседі. Қоғамдық инфрақұрылымды дамыту өз кезегінде жеке бизнес пен мемлекеттің өзара іс-қимылының әртүрлі нысандарын пайдалануды талап етеді. Осындай нысандардың қатарына мемлекеттікжекешелік әріптестік кіреді. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік инвестицияларды тарту, бюджеттік ресурстарды үнемдеу, бәсекелестік пен кәсіпкерлік белсенділікті ынталандыру сияқты оң нәтижелер беріп, көптеген дамыған мемлекеттерде сәтті қолданылуына байланысты, оның реттелуі елдің нормативтік құқықтық актілерінде де өз орнын тапқан. Мәселен, қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығының келтірген ақпаратына сәйкес, тек білім саласында ғана 2020 жылдың 1 маусымына дейін 786 мемлекеттік-жекешелік әріптестіктік шарты жасалған. Бұл жасалған барлық шарттың 56 пайызын құрайды.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жұмыс істейді? Мысалы мектеп салу керек делік мемлекет жер береді, ал жеке компания мектеп салып береді. Аурухана ашу қажет кәсіпкерлер заманауи ғимарат салып, құрал-жабдық әкеледі. Жол жөндеу керек компаниялар жолды жасап, кейін оны күтіп ұстайды. Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің пайдасы жобалар тезірек іске асады, жаңа идеялар мен заманауи технологиялар қолданылады. Жаңа жұмыс орындары ашылады. Қалалар мен ауылдар дамиды. Балалар үшін де пайдасы көп. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы жаңа мектептер салынады. Спорт алаңдары көбейеді. Демалыс орындары ашылады. Қауіпсіз әрі таза орта қалыптасады. Бұл сендердің жақсы білім алып, қауіпсіз өмір сүрулеріңе көмектеседі. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік – «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңда айқындалған белгілерге сәйкес келетін мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес арасындағы ынтымақтастықтың нысаны. Заңның 4-бабына сәйкес — Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің айрықша белгілеріне мыналар: Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу арқылы мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптестің қатынастарын орнату. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асырудың орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді кезеңі. Мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптестің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыруға бірлесіп қатысуы. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптестің ресурстарын біріктіру. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін жеке әріптестің инвестицияларды жүзеге асыруы жатады.
1. Мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының тараптары болып табылады.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында бірнеше мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес тараптар бола алады.
2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының тараптары мыналар да бола алады:
1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын қаржыландыруды ұсынатын қаржылық және өзге де ұйымдар;
2) сала операторлары.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік экономиканың барлық саласында (аясында) жүзеге асырылады. Бұл ретте тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын объектілер мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру үшін берілмейді.
Заңның 7-бабына сәйкес — Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жүзеге асырылу тәсілі бойынша институционалдық және келісімшарттық болып бөлінеді. Институционалдық мемлекеттік-жекешелік әріптестікті мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк шартына сәйкес мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк компаниясы iске асырады. Өзге жағдайларда мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк келісімшарттық мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк тәсілі бойынша жүзеге асырылады.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік – бұл ортақ күшпен жақсы нәтижеге жету жолы. Мемлекет пен кәсіпкерлер бірге жұмыс істесе, еліміз тез дамып, адамдарға қолайлы жағдай жасалады. Сондықтан мемлекеттік-жекешелік әріптестік – ел болашағы үшін өте маңызды тетік.
Г.Тұрлыбекова