Президентіміздің қаулысымен бектіліген «Ұлттық кітап күні»

Үкімет Қаулысымен былтыр  жаңа мереке «23 сәуір – Ұлттық кітап күні» бекітілген болатын. Аталмыш мереке Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың  қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында үшінші Ұлттық құрылтайдың негізгі сессиясында берген тапсырмасына байланысты белгіленді. Қаулы 2024 жылғы 16 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді. Мемлекет елдегі кітапхана қорын толтыру үшін соңғы 10 жылда 10 млн-ға жуық шығарманы басып, таратты. Жас буынды кітап оқуға баулу да өзекті мәселе.  Озық ойлы ұлт болудың төте жолы – кітап оқу. «Кітапқұмарлық – жақсы қасиет. Көптеген мемлекет Ұлттық кітап күнін атап өтеді. Біз, ең алдымен, жастарды кітап оқуға баулуымыз керек. Сонда жаппай кітап оқитын ұлтқа айналамыз», – деді Президент Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында сөйлеген сөзінде. Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Ұлт және ұлттық кітап» атты ашық есік күні өтті. Шараның мақсаты – қаламгер, кітап және оқырман арасындағы байланысты нығайтып, мәдени-рухани құндылықтарды қоғамға жан-жақты насихаттау, интеллектуалды жастарды ынталандыру.

Ашық есік күні аясында кітапханадағы жаңартылған коворкинг орталығының салтанатты ашылуы өтті. Заманауи форматтағы бұл кеңістік оқырмандардың бірлесіп жұмыс істеуіне, пікір алмасуына, білімін жетілдіруіне мүмкіндік береді.

Сондай-ақ «Кітап – ұлттық құндылық» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылып, отандық әдебиетті қолдауға бағытталған тәуелсіз жоба – Mecenat.kz әдеби сыйлығы таныстырылды. Дөңгелек үстелде Эстония елшісі Яап Ора, ақын-драматург Баянғали Әлімжанов, профессор Әсима Ишанова, жазушы Нартай Сауданбекұлы, сыншы Амангелді Кеңшілікұлы және басқа да зиялы қауым өкілдері сөз сөйлеп, әдеби шығармалар арқылы ұлттық әдебиетке қолдау көрсетудің маңызын атап өтті.

Шара аясында ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Роза Мұқанованың «Кітап – ақыл нұры» атты шеберлік сабағы, «Айнадан/Зазеркалье» сурет көрмесі және мектеп оқушыларына арналған «Озық ой алаңы» атты book quiz ұйымдастырылып, журналист Мәншүк Шымырбайдың «Dana. The World Citizen» деректі фильмі көрсетілді.

Кітапхана – теңдессіз білім ошағы. Қоғамның өркендеуі, адамзаттың өсуі кітаппен тығыз байланысты. Жас ұрпақтың санасына туған халқына деген құрмет пен мақтаныш сезімін ұялатып, ұлттық рухты сіңіру, сондай-ақ, ана тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеп, халықтың салт-дәстүрін аялай, ардақтай білуге тәрбиелеу кітаптың еншісінде. Кітапхана – теңдессіз білім ошағы. Қоғамның өркендеуі, адамзаттың өсуі кітаппен тығыз байланысты. Жас ұрпақтың санасына туған халқына деген құрмет пен мақтаныш сезімін ұялатып, ұлттық рухты сіңіру, сондай-ақ, ана тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеп, халықтың салт-дәстүрін аялай, ардақтай білуге тәрбиелеу кітаптың еншісінде. Қазіргі таңда кітапханалар – әлемдік деңгейдегі рухани, мәдени, тарихи, ғылыми құндылықтарды құрайтын ерекшелікке ие.

Бүгінде елордамыздың бірден-бір мәдени ошағы болып табылатын, 23 кі­тапханасы бар Астана қаласының «Орталықтандырылған кітап­ха­налар жүйесі» КММ 80 мыңға жуық оқырманына жұмыс істеп жатыр. 2023 жылы елордада 4 кітапхана, 2024 жылы 8 кітапхана күрделі жөндеуден өткен. Кітапханалар қала тұр­ғын­дарының барлық санатына дәстүрлі кітапханалық қызмет көр­сетеді. Оқырмандар арасында ба­ға жетпес байлық – кітапты насихаттауда дәстүрлі және басқа да әдістерді қолдану арқылы мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырып, оқырмандардың көңілінен шығуда. Бұл кітапханаларда жергілікті оқыр­мандардың ақпараттық қор­ларға еркін енуіне жан-жақты жағдай жасалған.
Астана қаласының «Ор­та­лық­­­­тандырылған кітапханалар жү­йесі» КММ қорлары жаңа әде­биет­термен жыл сайын жүйелі түрде толықтырылып отырады.

Ұлттық кітап күніне орай еліміздің барлық өңірінде ашық есік күндері, кітап фестивальдері, көрме-жәрмеңкелер, баспагерлер және кітап дүкендерімен бірлескен жобалар ұйымдастырылды. Бұл акцияларға республика бойынша 25 мыңға жуық адам қатысты. Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханада, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуге арналған тиімді әдістемелік құрал — қазақша-орысша-ағылшынша фразеологиялық сөздіктің таныстырылымы өткізілді. Авторы – Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық Аналар кеңесі төрағасының орынбасары, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, ф.ғ.к., ілеспе аудармашы Камал Әбілқасымқызы Әлпейісова. Таныстырылып отырған еңбек Ассамблеяның 30 жылдығы аясында жарық көріп, мемлекеттік тілдің заманауи қоғамда, еларалық қатынастарда  белсенді қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған. Қазақ тіліндегі көркем де терең, қысқа-нұсқа мақал-мәтел, тұрақты тіркес, қанатты сөздердің (фразеологизмдердің) басқа тілдердегі мағыналық аудармасын білу саясаткерлердің, журналистердің, ғалымдардың, ұстаздардың тілдік қорын байытатыны сөзсіз.   Іс-шараға жазушылар, ғалымдар, ҚХА мүшелері, сарапшылар, жоғары оқу орындарының оқытушылары, аударма өнеріне қызығушылар қатысты.

Ұлттық кітап күні қарсаңында Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Президентінің орталығында 23-27 сәуір күндері «Astana Eurasian Book Fair – 2025» VIII Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтті. Бұл Орталық Азиядағы ең ауқымды мәдени-ағартушылық шаралардың бірі болды. Халықаралық шара осымен сегізінші рет ұйымдастырылды.

Көрме-жәрмеңкенің ашылуы Ұлттық кітап күнінде өтті. Шара қонақтарын мерекемен қала әкімінің орынбасары Есет Байкен құттықтады.

«Сіздерді білім, мәдениет және рухани даму ісін бағалайтындардың басын қосатын мереке – Ұлттық кітап күнімен құттықтаймын. Астана – әлемдегі ең жас астаналардың бірі. Ол жарқын болашақ идеясына, даму мен жасампаздыққа ұмтылуға негізделген. Ал бұл ұмтылыстың негізінде, әрине, білім жатыр. Ал білімнің негізі – кітап. Бүгінгі кітап көрмесі. Бүгінгі «Astana Eurasian Book Fair – 2025» кітап көрмесі Мемлекет басшысының бастамасымен бастау алған жаңа маңызды мерекемен тұспа-тұс келіп отыр. Астана сегізінші жыл қатарынан халықаралық кітап диалогының алаңына айналды. Бұл іс-шара бүгінде ауқымды халықаралық көрмеге айналды. Биыл 15-тен астам елден авторлар, баспагерлер мен оқырмандар қатысып жатыр. Бұл кітапқа деген қызығушылықтың жанданып, өсіп келе жатқанын, дәл осы жерде, елордада шекарасыз мәдени кеңістік қалыптасып келе жатқанын дәлелдейді. Ұйымдастырушыларымызға, серіктестерімізге және осы іс-шараға жан-тәнімен берілген әрбір адамға ерекше алғыс айтамыз. Сіздердің арқаларыңызда фестиваль өсіп, жаңа көкжиектер ашылып жатыр», — деп атап өтті Есет Байкен. «Astana Eurasian Book Fair – 2025» кітап көрме-жәрмеңкесін ұйымдастырушы – «Фолиант» баспасы».

«Astana Eurasian Book Fair – 2025» көрмесіне Қазақстан, Ресей, Түркия, Испания, Иран, Өзбекстан, Португалия және Қытай елдерінен 70-ке жуық баспа, кітап сату, танымдық-ғылыми білім беру және полиграфиялық компания қатысты.

Көрменің басты мақсаты – кітап оқуды дәріптеу, оқу мәдениетін қалыптастыру, кітап нарығындағы жаңа өнімдерді көрсету, баспа саласындағы заманауи технологияларды таныстыру және халықаралық әріптестікті дамыту.

Көрме аясында балаларға, жасөспірімдерге және ересектерге арналған кітаптардың таныстырылымы, танымал жазушылармен және ақындармен кездесулер, автограф-сессиялар өтті.  Сонымен қатар  балалар алаңында кітап оқу, шеберлік сабақтары және шығармашылық кездесулер ұйымдастырылды.

Естеріңізде болса Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желіде бастау алған «Қандай кітап оқып жатырсыз?» челлендж-эстафетасын қолдайтынын білдіріп, 2020 жылы карантин кезінде оқуға 30 кітаптың тізімін ұсынған болатын. Президент бұл туралы instagram парақшасында жариялаған.

Шын мәнінде, кітап оқу – рухани кемелденудің көзі десем артық емес. Қазіргі уақыт – секунд сайын жаңарған ақпарат заманы. Жалған деректің, шындыққа жанаспайтын қауесеттердің де тез тарап жатқанын көріп отырмыз. Сондықтан, мұндай жағдайға мейлінше жол бермеу үшін алтын уақытымызды осындай пайдалы істерге жұмсағанымыз жөн»,- деп жазды Тоқаев.

Сонымен қатар, Президент ҚР Жазушылар Одағының төрағасы Ұлықбек Есдәлеулеттің эстафетасын қабылдай отырып, бірнеше шығармаларды оқуды ұсынды.

Болашақ қоғамның мәдениет деңгейінің көрсеткіші – кітап оқу. Бала кітап оқуды көркем әдебиеттен бастайды. Көркем әдебиетті оқу бала тілінің байлығын ашады. Артынша балалар оны күнделікті қарым-қатынас барысында пайдалана бастайды.  Көркем әдебиеттің тәрбиелік, танымдық және эстетикалық мәні зор, өйткені баланың қоршаған әлем туралы танымын кеңейте отырып, нәресте тұлғасына әсер етеді, ана тілінің пішіні мен ырғағын нәзік сезіну қабілетін дамытады. Көркем әдебиеттер балаға қоғам мен табиғат өмірін, адамдық сезім мен қарым-қатынас әлемін ашып, түсіндіреді. Ол баланың ойлауы мен қиялын дамытады, оның эмоциясын байытады, ана тілінің тамаша үлгілерін береді.  Кітап оқу – қоршаған ортаны, дүниені және өзін тануға көмектеседі.
2. Кітап оқу – жадыны және ойлауды дамытады. Яғни, көп оқыған адам жады мықты, тез ойлап, тез қорыта алады.
3. Кітап оқу – талдауға, сараптауға, өзіндік жүйелі пікір қалыптастыруға үйретеді.

4. Кітап оқу – көптеген табыс пен жетістіктің ең басты негізі.
5. Кітап оқу – адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйретіп, әдемі сөйлеу дағдыларын қалыптастырады.

6. Кітап оқу – сөздік қорды байытады және жалпы сауаттылық деңгейін арттырады.
7. Кітап оқу – адам бойында бұғып жататын шығармашылық қабілеттерді дамытады.

Кішкентай бала әлі оқи алмайтындықтан, көркем сөзді ол үлкендердің оқығанын тыңдау арқылы қабылдайды, сондықтан әдеби шығарманы экспрессивті, эмоционалды түрде берудің ерекше маңызы бар. Көркем оқу, әңгімелеу өнерін меңгеру – балабақша тәрбиешісінің кәсіби борышы. Тәрбиешінің міндеті – өз дауысының реңктерінің барлық байлығын шебер пайдалану. Ол кітаптан оқылған шығарма мәтінімен алдын ала жақсы танысуы керек; бұл оған көркемдік орындауға сәйкес өрнек құралдарын дұрыс белгілеуге көмектеседі.

Әдеби шығармаларды балалардың жас ерекшелігін, қызығушылығын, дамуын ескере отырып таңдауы керек. 5-6 жастағы балаларды кітаптың суреттеріне қуана қарағанымен, мәтіннің мазмұны көбірек тартады. Кітапты оқып болғасын біраз уақыттан кейін баламен шығарманың мазмұны туралы әңгімелескен жөн. Өйткені бұл баланы оқығанының мәнін талдауға, адамгершілікке тәрбиелеуге үйретеді, сонымен қатар сабақтас, жүйелі сөйлеуге үйретеді, сөздікке жаңа сөздерді бекітеді.

Кітапты тындауға бала дайын болса ғана оны қабылдауы толық болады. Ал ол үшін балалардың назарын ертегінің, әңгіменің, поэманың және басқа да көркем шығармалардың мазмұнымен бірге, тілдің мәнерлі құралдарына аудару қажет. 5-6 жасар балалар тілдің идеясын, мазмұнын және экспрессивтік құралдарын түсінуге, сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын жүзеге асыруға қабілетті. Баланың сөйлеу тілін дамытуда көркем әдебиеттің рөлі зор, онсыз мектепте табысты білім алу мүмкін емес. Сондықтан тәрбиешілердің алдына көркем әдебиетпен танысу кезінде мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін дамыту мақсаты қойылады.

Мақсатқа жету үшін өзіне ол келесі міндеттерді қояды:

  • Кітапқа және көркем әдебиетке қызығушылық тудыру.
    • Балалардың сөздік қорын кеңейту және белсендіру. Ертегілердің, әңгімелердің, өлеңдердің негізгі жанрлық ерекшеліктерімен таныстыру.
    • Өлең оқуда, сахналауда балалардың көркемдік және сөйлеу орындаушылық дағдыларын жетілдіру.
    • Балалардың назарын бейнелеу және экспрессивтік құралдарға аудару (бейнелі сөздер мен өрнектер, эпитеттер, салыстырулар); шығарма тілінің көркемдігін, мәнерлілігін сезінуге, поэтикалық сөзге сезімталдыққа баулу.
    • Кітап оқу арқылы балалардың шығармашылық қабілетін дамыту.

Мектеп жасына дейінгі 5-6 жастағы балалардың көркем сөзді ләззат алу қабілеті қалыптасады, өз ана тіліне деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға, оның дәлдігі мен мәнерлілігіне, бейнелілігіне негізі қаланады Осының бәрін балаға ең алғашқы көмекші болып келетін – кітап. Болашақта кім қолға кітапты жиі алып оқырман болатыны, кімнің болмайтыны 5-7 жаста анықталады. «Кітап оқитындар теледидар көретіндерді басқарады», – деген Ф.Жанлистің сөзін естімеген адам кемде-кем. Ғалымдар ақыл-ойды ұзақ уақыт сақтап қалу үшін: миды жаттықтырып отыру керек дейді.

Мидың қорегі – кітап. Әлеуметтік зерттеулер нәтижесінде ғалымдар кітап оқу ақыл-ойды ғана емес, жан мен тәннің саулығын да арттырады деген қорытындыға келді. Әсіресе кітап оқудың күйзелістен арылтуға ықпалы зор екен. Америка ғалымдары кітапты көп оқитын бір топ адамның миын магнитті-серпінді бақылаудан өткізген. Нәтижесінде адам миының қабылдауға жауапты бөліктерінің белсенді әрекет ететіні анықталды. Мұндай нәтиже теледидар қарағанда немесе компьютерлік ойын ойнағанда да байқалмайтын көрінеді. «Түрлі шығармалардың ішіне ойша ену адамның елестету, қиялдау мүмкіндігін арттырады, яғни адамның физикалық және психикалық жай-күйі жақсарады», – дейді ғалымдар.

Балаларда кітапқа деген қызығушылық осы жастан арта бастайды. Бұл жас кезеңінде баланы балалар кітабының алтын қорымен таныстыру ерекше маңызды.

Балаға қай заманда болсын кітап оқыту оңай шаруа емес. Сондықтан әр үйде сөреде кітап, балалар журналдары, энциклопедия болуы керек деп ойлаймын. Самсап тұрған кітапты көріп өскен бала күндердің бірінде сөрені жағалап, кітапқа үңіліп, қопара бастайды. Бірден оқып кетпесе де, бойында кітапқа деген ынтызарлық қалыптасады. Тәжірибелі ата-аналардың айтуынша, жеке өзіне арнап алынған кітаптың, тіпті, кітап сөресінің де маңызы зор көрінеді.
Балалардың әдебиетке қана емес, жалпы, білімге деген қызығушылығына кедергі – телефондағы түрлі ойынның, қызықты бағдарламалардың қолжетімділігі. Қазір секунд сайын жаңа ақпарат алатын жағдайдамыз. Ақпараттың көптігі мен жылдамдығы балалардың мектепте беріліп жатқан білімді қабылдауына кедергі келтіреді.
Қазір кітапханаларда, қосымша оқыту орталықтарында «coworking» деген бөлім ашылды. Соның аясында апта көлемінде, кейде екі немесе үш апта сайын балаларға проза оқуға тапсырма береміз. Оқып келген соң шығарманы бірге талдаймыз. Мәселен, топта 20 оқушы болса, соның кемі оны оқып келеді. Көбіне оқып келген балалармен кітап талдау барысында басқа балалардың қызығушылығы артып, талдауға қосылып жатады.

Раиса Қадыр, баспагер:
– Балалардың жас ерекшелігін де назарға алу керек. Мысалы, кішкене балалардың ертегілер, суреттері көп кітаптарды оқуға құмарлығы басым. Бастауыш сынып оқушыларына табиғат туралы кітаптарды көп ұсынады. Қоршаған ортаны қорғауды, экологияны наисхаттайтын кітаптар отандық баспаларда көптеп шығып жатыр. Солардың бірнешеуін балаға алып беруге болады. Жасөспірім балалар комикс кітаптарды көбірек сұрайды. Әрбір ата-ананың ең үлкен мәселесі – баланы планшеттен алшақ ұстау. Әсіресе ковид заманында балалар қашықтан оқуға кетіп, телефон, компьютерге телміріп отырып қалды ғой. Енді оларды технологиядан алшақ ұстау бұрынғыдан да қиындай түсті. Ендеше балаларды кітаппен қалай достастырамыз? Тамаша комикс кітаптар, иллюстрациялы еңбектер бар, соларды балаға ұсынып көруге болады. Өз балам комикс кітаптарды өте қызығып оқып жүр. Планшеттен басқаға көңіл аударғысы келмеу мәселесі менің баламда да бар еді. Сол кезде суретті, көркем безендірілген, ұл балаларға арналған (арасында болмайтын, тіпті дөрекі сөздері де бар) кітапты ұсынып көріп едім, бас алмай оқып шықты. Меніңше, бала планшетпен дос болғанша, кітаппен дос болғаны дұрыс. Осындай түрлі жанрдағы кітаптардан басталған достық мазмұнды, басқа да кітаптармен достыққа алмасатынына сенімдімін.Балаға кітап оқуға бергенде ата-ана өзіне де кітап алса деймін. Бала үлкендерге қарап бой түзейді. Ата-ана кітап оқып жүрсе бала да кішкентайынан кітап оқуға құмар келеді.

 

 

ПІКІР ЖАЗУ