Қазақстан – Атамекен

Неге сені жырламасқа, көк аспан,
Байтақ дала табиғаты жарасқан.
Туған жерім, атамекен, өркенде,
Сені сүймес тек ақылдан адасқан.

Қазақстан, қазақ халқы – думанды ел,
Асыл арман, дархан дала туған жер.
Игілік пен бақытыңның жолында,
Қанша адам аянбай-ақ төккен тер.

Қиындықты халқыңменен өткердің,
Озбырлықты, қыспақты да көп көрдің.
Сол заманның бар ауырын көтеріп,
Неше зұлмат, неше қайғы өткердің?!

Дархан көңіл, жасыл жайлау, кең дала,
Атажұртты жырлаймын көп мен, бала.
Жаңара бер, жасара бер, ұлы елім,
Еркіндікке лайықтысың сен ғана!

Мәди ПАЗЫЛ, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы,

Б.Амалбеков атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы

ПІКІР ЖАЗУ