Мəдени мұра жəне «Мөлдір бұлақ”

fon_20_21Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Мəдени мұра» баєдарламасы елімізде бірнеше жылдан бері кең ауқымда жүріп келе жатқанынан хабардар-сыңдар. Сол бастамаєа өздеріңнің төл басылымдарың «Мөлдір бұлақ» журналы да үн қосып, еліміздің тарихы мен мəдениетіне қатысты əр түрлі материалдарды үзбей жариялап келеді. Енді осы «Мəдени мұра» баєдарламасын одан əрі кең өрістеу мақсатымен, дəстүрлі Аламан бəйгеміздің тақырыбын «Мəдени мұра жəне «Мөлдір бұлақ» деп қойып, осы маңызды мəселеге өздеріңді де жаппай тартуды көздедік.
Өз аудандарыңда, өлкелеріңде еліміздің тарихы мен мəдениетіне, археологиясы мен тарихи тұлєаларына қатысты ізденіп, зерттеулер жүргізіп, суретке түсіріп (тек фотоаппаратпен), сол жиєан деректеріңді жазып жіберіңдер. Білек сыбанып бəйгемізге қатысыңдар.
Өткен жылдармен салыстырєанда, биылєы бəйгенің ерекшелігі сол — шыєарманы тарихи-эерттеу, өлең-жыр, аңыз-əңгіме, ертегі түрінде жазып, сондай-ақ қолдан сурет салып, редакцияєа жолдауларыңа болады.
Бəйге сыйлықтары:
Бас бəйге – ноутбук;
I орын – 1 бейнекамера;
1 сенсорлы ұялы телефон;
II орын – 3 санды фотоаппарат;
III орын – 4 магнитола.
“Ерекше шыєармалары” үшін: 7 скейт тігілді.
Бəйгенің шарттары:
1. Үміткер «Мəдени мұра жəне Мөлдір бұлақ» деген тақырыпта шыєарма жазады.
2. «Мөлдір бұлақ» журналына жанашырлық танытып, құрбыларын, сыныбын жаздыртқаны туралы түбіртектің көшірмесін хатпен қосып жібереді. (Бір жылєа жаздырту қажет. 3, 6 айлық түбіртек болса, ұпай саны кемиді).
3. «Мөлдір бұлақ» журналы туралы ұсыныс-пікірлерің.
Бəйгені сараптайтын арнайы алқа құрылды.
Редакциядан.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *