Жылқыға жем беру туралы есеп
Біреу алты жылқысына күн сайын он қадақ сұлы беріп жүреді екен. Жем жылқының жасына қарай бөлінеді: 3 қадақ – биеге, 2 қадақ – құнандарға, 1 қадақ – тай басына беріледі. Мал иесі үйіне алыстан келіп, қонақ болып отырған жекжатына осы тіршілігін айтып қалады. Сонда бие нешеу, құнан нешеу, тай нешеу болғаны? – деп қонақ жылқы санын есептеуге көшті. (Бие – 1, құнан – 2, тай — 3).