Жылдам әрі оңай жасалатын торттар

  Сүзбе қосылған торт
Құрамы: 500 г сүзбе; 200 г печенье; 50 г сары май; 40 г қант пудрасы; 2 лимон; анар;
Дайындау тәсілі: Алдымен печеньені үгітіп, еріген сары маймен араластырамыз. Тортқа арналған дөңгелек пішінді қалыпты (форма) үлкен тәрелкеге қойып, печеньені саламыз. Лимон шырыны мен кесілген лимон қабығының үгіндісін, қант пудрасын сүзбеге қосып, көпіргенше миксермен араластырамыз. Қалыптағы печеньенің үстіне сүзбені саламыз. 30-40 минутқа мұздатқышқа қоямыз. Қалыптан алып, тортымызды анармен сәндейміз.


Жаңғақ торты
Құрамы: 80 г қант; 3 жұмыртқа; 1 шәй қасық қопсытқыш; 1 стақан қабығынан ажыратылған жаңғақ;
Дайындау тәсілі: Жаңғақ тортын қалай тез дайындауға болады? Ол үшін жаңғақты блендермен әбден ұсақтап аламыз. Жұмыртқа мен қантты қопсытқышты қосып, миксермен араластырып, көпіршітеміз. Жаңғақпен араластырып, дайын болған қамырды торт пісіретін қалыпқа құйып, қатты қыздырылған пеште 5 минутқа пісіріп аламыз. Піскен қамырды екіге бөліп, қоюлатылған крем жағып, бетін қалауыңызша әрлеуге болады.


Шоколадты торт
Құрамы: 230 г қаймақ; 200 сары май; 150 г маргарин; 2 стақан ұн; қоюландырылған сүт.
Дайындау әдісі: Маргаринді, ұнды және қаймақты қосып қамыр илейміз. Оны бірдей 6 бөлікке бөліп, әрқайсысын жұқа етіп қалыпқа саламыз. 180-200 градуста алдын ала қыздырылған пешке кезекпен (әрбірі бірнеше минуттан) пісіреміз. Піскен қамырларды суытып алыңыз. Кремін дайындау үшін қоюландырылған сүтке ерітілген сары майды салып, миксермен біркелкі және жұмсақ крем болғанша араластырамыз. Жұқа қамырларды арасына крем жағып, орналастырамыз. Торттың бетін шоколадпен безендіруге болады.

ПІКІР ЖАЗУ