Жұлдыз-жорамал
Балық 20.02-20.03
Балықтар өте сезімтал, төзімді келеді. Ерекше еңбек-қорлық танытасың. Бастаған ісіңді аяғына дейін жеткізетін қасиетің де бар. Жалқаулықтан аулақ жүргенің дұрыс.
Мұхамеджан РАХМАНБЕРЛИЕВ
Тоқты 21.03-20.04
Тоқтылар мамыр айында үлкен қуанышқа кенеледі. Ай соңына таман оқу үлгеріміңді түзетуге ұмтыласың. Отбасың мен ұстаздарыңның өзіңе артқан үмітіне қол жеткізесің.
Біржан ЖҮНІСБЕКОВ
Торпақ 21.04-21.05
Мамыр айы саған тер төгіп, еңбек етуді талап етеді. Үй шаруасына да көп көңіл бөлгенің жөн. Дегенімен, бұл төккен терің демалысты көңілді өткізуіңе жетелейді.
Ұлан ЖАНАТОВ
Егіздер 22.05-21.06
Егіздер үшін көктемнің соңғы айы табысты болмақ. Демалысқа ұласқан алғашқы қадамың да сәттілікпен басталмақ. Ескі достарыңды кездестіруің мүмкін. Алайда, денсаулығыңа көп көңіл бөлгенің жөн.
Упан БЕКЗАТ
Шаян 22.06-22.07
Мамыр айы шаяндар үшін өмірдегі ұмытылмайтын ерекше кезең болмақ. Өзіңе жақын адамдардан күтпеген сыйлықтар аласың. Алыс сапарға шығуың мүмкін.
Ринат РАХЫМЖАН
Арыстан 23.07-22.08
Арыстан белгісіндегілер мамыр айында ізденгіштігімен және еңбекқорлығымен ерекшеленеді. Газет-журнал, қызықты кітаптар оқып тұрсаң – алдағы күндеріңе сенімділік әкеледі.
Әлихан ҚАЙБЕРЕН
Бикеш 23.08-23.09
Алда үлкен демалыс пен қуаныш күтіп тұрғаны белгілі. Дегенімен, ай басы қарбаласпен басталады. Мектептегі іс-шаралармен, ұйымдастырушылық кештерден бас тартпа.
Таразы 24.09-23.10
Мамыр айында үлкен өзгерістер жүз бермек. Осы күнге дейінгі жиған-терген біліміңнің нәтижесіне ойдағыдай қол жеткізесің. Ұстаздарың мен жақындарың сенен үлкен үміт күтуде.
Еркебұлан Жолдыбаев
Сарышаян 24.10-22.11
Ұстаздарыңның ақыл-кеңесімен шығармашылық табысқа жетесің. Өнерге деген қабілетің бар, соны ары қарай дамыта түс.
Марат ДӘУЛЕТ
Мерген 23.11-21.12
Мергендер үшін жаңа дос қосуға мүмкіндік туатын сәт. Үлкендердің айтқан кеңесі сен үшін пайдалы болмақ. Айдың соңында отбасыңмен бірге жол жүресің.
Ержан МАҒЖАН
Тауешкі 22.12-20.01
Көптен армандаған, көздеген мақсаттарыңа біртіндеп қол жеткізе бастайсың. Ай бойы көтеріңкі көңіл-күймен жүресің. Мамыр айы саған үлкен табыс пен қуаныш әкеледі.
Мұхит АСҚАРҰЛЫ
Суқұйғыш 21.01-19.02
Оқу соңында ұстазыңмен арада түсініспеушілік туын-дауы мүмкін. Мұндайда отбасыңдағы үлкендермен ақылда-суға тура келеді. Сабырлық пен кешірімділік танытуды есіңнен шығарма.
Ақтілек Aқсеріков