Жұлдыз-жорамал
Балық 20.02-20.03
Көптен күткен ойың орындалып, шаттықа кенелесің. Тосын сый күтіп тұр. Айдың соңына қарай алыстағы таныстарыңмен қауышуың әбден мүмкін.
Жанерке Игілік
Тоқты 21.03-20.04
Ішкі жан дүниең қуанышқа толып, кез келген іске сергек қарайсың. Адамдарға көмектескің келіп, өзіңе жауапкершілік жүктейсің.
Шерхан Әлібеков
Торпақ 21.04-21.05
Сәуір айының аяғы жол жүруге немесе жеке істеріңді тиянақтауға өте қолайлы. Алға қойған мақсатыңды сыртқа жаюға асықпа, алдымен ойлан.
Ақбота Майбасова
Егіздер 22.05-21.06
Жолыңда кездесетін қиындықтар мен кедергілерді ақылмен шешуге тырыс. Артық кететін кездеріңді түсініп, сыныптастарыңнан кешірім сұрайтын да жағдай болады.
Айбол
Шаян 22.06-22.07
Бос уақытың бола бермейді. Сәуір айының қалай өте шыққанын да сезбей қаласың. Ерік-жігерің мен сенімділігің мектепте жетістікке жетуге септігін тигізеді.
Арыстан 23.07-22.08
Достарыңның көмегімен көздеген мақсаттарыңа бір табан болса да жақындай түсесің. Табандылығың жетістіктерге жетелейді.
Нариман Тұрлыхан
Бикеш 23.08-23.09
Оқу жылы аяқталып келе жатқандықан, ата-ана, ұстаз тарапынан бақылауда боласың. Сәуір айында үш тоқсан бойы оқыған еңбегіңнің нәтижесін көресің.
Алпысбай Ел-Аман
Таразы 24.09-23.10
Жұмыс қабілетің артып, ойға алған ісіңді тез орындайсың. Жетістікке жету – тек өз күш-қуатыңа байланысты. Әр кез сабырлы, салмақты қалпыңды жоғалтып алма.
Арайлым Өндірісхан
Сарышаян 24.10-22.11
Сәттіліктер кезеңінде жүрсің, сондықтан ойға алған ісіңді аяқтауға кіріс. Көмегіңді қажетсінетін жанға жәрдем жаса, еңбегің зая кетпейді.
Арайлым Залел
Мерген 23.11-21.12
Сәуір айы мәдени шараларға атсалысуға қолайлы болмақ. Ұстаздарыңның тарапынан алғыс аласың.
Мадияр Әуезов
Тауешкі 22.12-20.01
Бұл белгідегілер төңірегіндегілерге мейірімді бола түседі. Қарт адамдарға үлкен қамқорлық көрсетіп, батасын алады.
Набира Амангелді
Суқұйғыш 21.01-19.02
Осы айда білімге деген құштарлығың артып, өнерге қызығушылығың артады. Айдың аяғында отбасыңмен бірге жолға шығасың.
Үлибибі Дастанбекқызы