Жұлдыз – жорамал

Тоқты. Жаңа ай тоқтылардан шыдамдылықты, байсалдылықты талап етеді. Ал, сабырсыздық түрлі кедергілерге итермелейді. Сондықтан ойға алған істеріңді аяқтауға тырыс, нәтижесі жақсы болмақ. 

Торпақ. Қараша айының қалай өте шыққанын сезбей қаласың. Мұның себебі, саған жаңа міндеттер жүктеліп, қоғамдық жұмыстардың қызығында жүресің. Еңбегің еш кетпейді.

Егіздер. Сенің ең сенімді қорғаның – достарың. Олармен өз ойларыңды бөлісуге болады. Кейбір егіздер айдың соңында достары тарапынан жақсы сыйлықтарға ие болуы мүмкін.

Шаян. Оқуда көп ілгерілеушілікке қол жеткізесің. Бос уақытыңда көбірек кітап оқуға тырыс. Айналаңдағы адамдармен қарым-қатынаста сыпайы бола біл.

Арыстан. Бұл айда жинақы, төзімді болғаның дұрыс. Орынсыз сөйлеп, теріс қылықтарыңмен ата-анаңды ренжітіп алма. Табанды, қайсар, еңбекқор мінезің сені жетістікке жеткізеді.

Бикеш. Қызықты оқиғалардың ортасында жүресің. Көңілді әрі сергек сезімде боласың. Күтпеген жерден, үлкен табысқа ие болып, барлық таныстарыңды үлкен қуанышқа бөлейсің.

Таразы. Таразылар қараша айын өте қызықты өткізеді. Алыс жолға шығуың мүмкін. Көңіліңнен шығатын жаңа достарың көбейеді. Алайда сабақ үлгеріміңді төмендетіп алудан сақ бол.

Сарышаян. Сарышаяндар үшін қараша айының бірінші жартысында біраз өзгерістер болуы мүмкін. Уақыт тауып спортпен шұғылданғаныңның пайдалы екенін естен шығарма.

Мерген. Бастаған ісіңді еріншектікке салынып кейінге қалдыруың мүмкін. Жалқаулықты жеңе білсең, аяқталмай тұрған біраз істерді тындырар едің. Кез келген қиындықпен күресуге күш-жігерің жетерлік.

Тауешкі. Бұл айда сенің еңбексүйгіштік қасиетің жаңа қырынан ашылып, көңіл-күйің көтеріңкі болады. Қараша айы мәдени шараларға қатысуға қолайлы ай.

Суқұйғыш. Айдың алғашқы жартысында жақсы жаңалықтар естіп, зор қуанышқа кенелесің. Бойыңа күш-қуат толып, көп нәрсені білуге құштарлығың артады. Өзіңе деген сенімділік биіктерге жетелейді.

Балық. Балықтарды бұл айда көптеген кездеасулер күтіп тұр. Көптен көрмеген достарыңмен дидарласасың. Сонымен қатар ойыңда жүрген біраз шаруаларды тындырасың.

ПІКІР ЖАЗУ

Жұлдыз-жорамал

Тоқты. Мамыр айы тоқтылар үшін жемісті болады. Сабақ үлгеріміндегі жақсы өзгерістер көңіліңді көтереді. Қоғамдық жұмыстарда да белсенділігің арта түседі.

Торпақ. Өз ортаңда абыройың арта түседі. Бұл мүмкін сенің көп білетіндігіңнен болар. Алған біліміңді ары қарай жетілдіре беруден жалықпаған жөн.

Егіздер. Мамыр айындағы мерекелер мен демалыстардың жиілеуі сені тым еркінсітіп жіберуі мүмкін. Тоқсандық бағаңды төмендетіп алмау үшін сабаққа бар ынтаңды сал.

Шаян. Түрлі байқауларға қатысып, бағыңды сынайтын сәттер туады. Өзіңе деген сенімділік алға шығуыңа мүмкіндік береді. Бос уақытыңда ата-анаңа жақсы көмекші бола аласың.

Арыстан. Айдың соңына қарай жаңа ортаға тап болуың ықтимал. Жаңа достар табасың. Бос уақытыңда әдеби кітаптар оқу сенің дүниетанымыңды кеңейтеді.

Бикеш. Қолыңа қызық кітаптар түсіп, бос уақытыңның бәрін кітапханада өткізесің. Сабақ үлгерімің жақсы, айдың соңына қарай күндерің қызықты өтеді.

Таразы. Айналаңда болып жатқан  оқиғаларға көңілің толмауы мүмкін. Бірақ жасың кіші болғандықтан, үлкендерге қарсы шыға алмайсың. Сезімге берілмей, ақылға салып үлкендердің айтқанын тыңда.

Сарышаян. Бұл айда кейбір сарышаяндар өздеріне қызықты іс тауып алады. Ол бос уақыттың текке өтпеуіне себеп болады. Мамыр айында достарыңмен жақсы қарым-қатынастар жасап, өзара түсіністікке қол жеткізесің.

Мерген. Бос уақытыңның барлығын мектепішілік қоғамдық жұмыстарға арнайсың. Бұл саған ұнайды, өйткені, кез-келген жұмыстардың басында болғың келеді. Белсенділігің үшін алғыс аласың.

Тауешкі. Айдың соңына қарай босаңдық танытып, сабаққа онша көңіл бөлмеуің мүмкін. Бұл тоқсандық қорытындыға елеулі әсерін тигізеді. Сондықтан өзіңді жинақы ұстауға тырыс.

Суқұйғыш. Суқұйғыштар жақындары тарапынан күтпеген сыйлықтарға ие болады. Әр сыйлықты жақын адамың таза ниетімен сыйлағандықтан, шын көңілмен қабылда.

Балық. Бұл айда шығармашылықпен айналысатын балықтар үлкен жетістіктерге қол жеткізеді. Еңбекқорлығың ата-анаң мен ұстаздар тарапынан ескерусіз қалмайды.

ПІКІР ЖАЗУ