Жолың болсын, жас тілші!

Республикалық «Мөлдір бұлақ» журналы жас тілшілерінің біразы биыл 11-сыныпты аяқтап, мектептен үлкен өмірге қанат қақты.
Атап айтқанда, Түркістан облысындағы жас тілшіміз Жазира Бекболатова Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің журналистика факультетіне оқуға түсті.
Алматы қаласындағы жас тілшілеріміз Айгерім Есенгелдиева мен Мадина Манап, Алматы облысындағы жас тілші Жанерке Құрал әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінің студенті атанды.
Ақтөбе облысындағы жас тілшіміз Жаным Ерік Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің филология факультетіне оқуға түсті.
Алматы облысындағы жас тілшіміз Жасұлан Сайлаубек Қазақ мемлекеттік сәулет, құрылыс академиясының сәулет факультетінің студенті болды.
Маңғыстау облысындағы жас тілшіміз Көркем Дүйсенбаева Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға түсті.
Бір қуанарлығы – барлық жас тілшілердің жоғары оқу орындарына мемлекеттік грантқа түскені. Бұл журнал тілшілерінің өресі биік, білімі терең екендігіне дәлел. «Мөлдір бұлақ» журналы өткізетін түрлі іс-шаралар мен басылым бетіндегі түрлі материалдар оқушылардың жаңа мүмкіндіктерін ашып, қабілеттерін арттырары сөзсіз.
Жас тілшілердің қуаныштары құтты болсын! Түскен оқу орындарында да көп жетістіктерге жетуіне тілектеспіз!
Құрметті жас тілшілеріміз, өмір жолында сапарларың сәтті, құтты, берекелі, мағыналы, мәнді болсын!
Редакция

Журналға жас тілші болғысы келетін 7, 8, 9, 10, 11-сынып оқушылары төмендегі телефон нөміріне хабарласса болады: 87013122978

ПІКІР ЖАЗУ