Жеміс-жидек қосылған торт

Құрамы: қамыры үшін: 1 стақан (200 мл) қант; 1 стақан (200 мл) ұн; 3 дана жұмыртқа; Кремі үшін: 1 стақан (200 мл) қант; 500 г қаймақ; 3 ас қасық желатин; 80 гр құлпынай; 1 дана киви;
Дайындау тәсілі: Алдымен қамырын дайындап аламыз. Жұмыртқа мен қантты араластырып, артынан ұнды саламыз. Қоймалжың болғанда 180 градуста қыздырылған пешке пісіреміз. Кремін дайындау үшін жарты стақан суық суға желатинді езіп, жарты сағатқа қойып қоямыз. Қант пен қаймақты жақсылап араластырамыз. Желатинді пешке қойып қыздырып аламыз. Тек қайнап кетпеуін қадағалауымыз керек. Желатинді қаймақпен қосып барлығын бірге араластырамыз. Енді киви мен құлпынайды жұқалап тураймыз. Шұңғыл табаны алып арнайы асүй пленкасын саламыз. Туралған жемістерді әдемілеп саламыз. Кейіннен кремін жағып, бетіне дайын бисквитімізді турап саламыз. Осылайша ретімен біртіндеп орналастырамыз. Дайын болған тортты 3-4 сағатқа тоңазытқышқа қойып қоямыз.

ПІКІР ЖАЗУ