Жеміс салынған құймақ

Құрамы: 2 жұмыртқа; 2 стақан сүт; 1,5-2 стақан ұн; 2 ас қасық қант; 0,5 шай қасық тұз; 0,5 шай қасық ас содасы; 2 ас қасық сұйық май.
Дайындау тәсілі: Құймақ қалай жасалады? Жұмыртқа мен қантты араластырамыз. Тұз, сүт, сұйық май, ас содасын қосамыз. Ұнды біртіндеп қоса отырып, жақсылап араластырамыз. Құймақтың қамыры қою да, сұйық та болмауы керек. Құймақ пісіретін табаға кішкене май тамызамыз. Бір кішкентай ожау көлемінде құймақтың қамырын құямыз. Екінші бетіне аударамыз. Құймағымыздың барлығын пісіріп алып, арасына қолда бар жемістерді алып турап, бір қасық қаймақпен араластырып, құймақтың арасына салып ораймыз да дастарханға қоямыз.
Ас дәмді болсын!

ПІКІР ЖАЗУ