Əже

azhekaМен үшін əлемдегі ең қымбат жан əже деп білемін. Əжем жанымның жайлауы, жемісі мол мəуелі бақ сияқты. Əжемнің айтқан əрбір ертегі-аңыздары, ғибрат сөздері сол бақтың ең тəтті жемісінен кем емес деп ойлаймын. Менің көп уақытым сол əз əжемнің қасында өтеді. Бір қызығы əжем маған түрлі-түрлі қызықтарды айтудан еш жалыққан емес. Мен де өз оқығандарымды,  ектептегі қызықты сəттерді өз кезегінде əжеммен бөлісіп отырамын. Əжем менің тек ақылшым ғана емес, əрі сырласым, əрі ең кешірімді, қимас құрбым тəрізді. Мен əжемнің қасында өткен əрбір сəттерімді өзімнің балалық күндерімнің еңбір жарқын шақтары деп есептеймін. Айя АСХАТҚЫЗЫ, № 108 мектептің оқушысы. Алматы қаласы.

ПІКІР ЖАЗУ