ЖАЗ

Жаз келді дегенше, жер көк кілемдей жайқалып, күннің көзі жарқырап шыға келді десейші!.. Жаз төрт мезгілдің ішіндегі ең ыстық әрі ең көңілді мезгіл. Өйткені оқушылардың барлығы жазғы демалысқа шығып, күніге серуен жасап, ойын ойнайды. Жаз айларында, әсіресе шілде айында шомылуға немесе табиғатқа шығу өте керемет. Ал кейбіреулері болса ұзақ уақытқа ата-апаларына немесе жақын туыстарына барады. Жалпы өзім ұзақ бір сапарға шыққанды ұнатамын.
Мен Жайсан ауылының тұрғынымын, мұнда жаз айлары ыстық болғаны соншалық, күн астында бірден қарайып кетесің. Жаз айларындағы тағы бір ерекшелік, кешкілік кезең қатты ұнайды. Өйткені кешкі масатыдай салқын жел керемет күйге бөлеп, уақыттың қалай зымырап өтіп жатқанын байқамай жүре бересің. Көрші балалармен аулаға ойынға шығып, футбол, волейбол ойындары қызық үстіне қызық бола береді. Жаз айларындағы әрбір күн өте тамаша, дегенмен жыл мезгілдерінің қайсы бірін алсақ та, әр қайсысының орыны бөлек, ерекше…

Исматулло Абзал Азаматұлы,
Жамбыл облысы, Шу ауданы, Жайсан ауылы,
Жайсан орта мектебі 3-сынып оқушысы
Жетекшілері: Есполова Рабига Досановна

ПІКІР ЖАЗУ